26 маусым 2015 17:32

Зарина Диястың "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс. © zimbio.com Зарина Дияс. © zimbio.com

Зарина Диястың "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Уимблдон турнирі 29 маусым-12 шілде аралығында өтеді.


Зарина Диястың "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Уимблдон турнирі 29 маусым-12 шілде аралығында өтеді.

Порталдың мәліметінше, Лондонда өткен жеребе салу шарасы барысында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диястың Италия теннисшісі Флавия Пеннеттомен ойнайтыны белгілі болды. Айта кетейік, WTA рейтингінде 21 жастағы Дияс әлемнің 34-ші, ал 33 жастағы Пеннетта 24-ші ракеткасы саналады. Теннисшілер бұған дейін кездесіп көрмеген.

Қазақстанның атынан шығатын тағы бір теннисшіміз Ярослава Шведова бірінші айналымда Хорватия теннисшісі Мирьяна Лючич-Баронимен ойнайды. 27 жастағы Шведова WTA рейтингінде 77-ші, ал 33 жастағы Лючич-Барони 54-ші орында тұр. 

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети