Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

12 тамыздан бастап Қырғызстан Қазақстанмен шекарасындағы кеденшілерді алып тастайды

08 Тамыз 2015, 19:31
0
© Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің Ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс бөлімі
© Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің Ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс бөлімі

12 тамыздан бастап Қырғызстан Қазақстанмен шекарасында кедендік бақылауды жою рәсімін бастайды. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің Ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған орай күннің алғашқы жартысында "Ақжол-автожол" ("Қордай" БӨП) уақытша жұмыс істемейді.

"Қырғызстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа кіруіне және кедендік бақылауды жоюға байланысты 2015 жылдың 12 тамызында таңғы сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы"Ақжол-автожол" өткізу бекеті автомобильдер, адамдар мен жүктерді уақытша өткізбейді", - деп жазылған Қырғызстан шекара қызметі хабарламасында.

Азаматтар Қазақстан-Қырғызстан шекарасын жақын маңдағы "Ақтілек автожол" ("Қарасу"),"Чалдыбар автожолы" ("Айша Бибі"), "Токмок автожолы", "Кең-Булун автожолы" арқылы кесіп өте алады.

"Ақтілек" және "Кең-Булун" БӨБ Шу облысы Ыссық-Атин ауданында орналасқан. "Чалдыбар" да Шу ауданында, ол Бішкек-Кемін автожолынан 98 шақырым қашықтықта жатыр. "Токмок-автожол" Шу облысындағы Бішкек-Кемін жолынан 63 шақырымда орналасқан.

Еске сала кетейік, Қырғызстан ЕАЭО-ға 8 мамырда ресми түрде мүше болды. Дегенмен толыққанды мүше болу үшін ЕАЭО-ға мүше елдердің ратификация туралы құжаттары керек. Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы келісімшарттың ратификациясына қол қойды. Оған дейін Армения, Беларусь және Ресей ратификациялаған болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай