Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. ТМД

Атамбаевқа елден шығуға шектеу қойылуы мүмкін 24 шілде 2019, 10:50

Қырғызстанның қазіргі билігі экс-президент Алмазбек Атамбаевты елден кетуге тыйым салынған азаматтар тізіміне әлі ресми түрде енгізген жоқ,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©president.kg ©president.kg

Қырғызстанның қазіргі билігі экс-президент Алмазбек Атамбаевты елден кетуге тыйым салынған азаматтар тізіміне әлі ресми түрде енгізген жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазіргі таңда ешқандай шектеулер жоқ. Бірақ оны кез келген уақытта елден шығуға тыйым салынатын азаматтар туралы мәліметтер базасына қосуы мүмкін", - дейді Қырғызстан Ішкі істер министрлігіндегі дереккөзі. 

Бұған дейін экс-президент Алмазбек Атамбаев келесі аптада Ресейге баруды жоспарлап отырғанын айтқан. Оның айтуынша, басшының сапарына "бәрі бірдей қуана қоймайды".

Жақында экс-президенттің кеңесшісі Құндыз Жолдыбаева әлеуметтік желідегі парақшасында экс-президенттің жақтастарына Атамбаевты ұстау туралы бұйрық берілгені жайлы хабардың жеткенін хабарлады. Бұл операцияны жұма күні түстен кейін 1500-ге жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізеді деп жоспарланған. 

Бұл жаңалық жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Оның жақтастары қала маңындағы Қой-Таш ауылындағы бұрынғы мемлекет басшысының үйіне жиналған. Алайда ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты "жалған" деп атады.

Бейсенбіде полиция өкілдері Атамбаевты Ішкі істер министрлігінің бас тергеу басқармасына Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іске байланысты үшінші рет тергеуге шақырған. 

Алайда экс-басшы алдыңғы екі президент сияқты шақыртуды елемей, "оны тіпті қолыма да алмаймын" деген. Қырғызстан заңына сәйкес үш шақыртуға да келмеген азаматты құқық қорғау органдары куәгерді мәжбүрлі түрде алып келуге құқылы.

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram