06 қараша 2014 11:35

Атамбаевқа жиһад жариялаған адам бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©uraldaily.ru ©uraldaily.ru

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жиһад жариялаған Бақтияр Дәуітовке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жиһад жариялаған Бақтияр Дәуітовке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақтияр Дәуітовке әуеліде үш бап бойынша айып тағылған болатын - "Көпшілік алдында конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақыру", "Ұлттық, нәсілдік, діни немесе аймақаралық алауыздықты қоздыру" және "Экстремистік материалдарды сатып алу, дайындау, сақтау, тарату, тасымалдау, жолдау және экстремистік ұйым нышандары мен белгілерін қасақана қолдану". Сот барысында Дәуітов экстремистік материалдарды таратуға айыпты деп танылды. Басқа баптар бойынша тағылған айыптар алып тасталды.

Тергеудің мәліметінше, Атамбаевқа жиһад жариялаған азамат 2012 жылдың мамырында Мысырда болған. Қырғызстан президенті Мәскеуге барар алдында Дәуітов оған бейнеүндеу арнап, онда президенттің жүргізіп отырған саясатымен келіспеуіне байланысты оған жиһад жариялайтынын айтты. "Бақтияр Дәуітов бейнероликті өзінің Қырғыз Республикасының конституциялық құрылысына қарсы қылмыстық идеясын тарату мақсатында Шейх Хафиз Бақтияр әл-Мысри деген ойдан шығарылған псевдониммен бірнеше сайтқа орналастырды. Сараптамаға қарағанда, бұл үндеудің Қырғыз Республикасы конституциялық құрылысының өзгеруіне соқтыруы мүмкін діни-идеологиялық сипаты бар", - делінген қылмыстық іс материалдарында. Дәуітов 2012 жылы Бішкекте ұсталды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети