01 тамыз 2014 14:47

Әзірбайжан - Армения шекарасында сегіз адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Әзірбайжан - Армения шекарасында атыс болды, - деп хабарлайды BBC Russian. Атыс кезінде Әзірбайжанның сегіз жауынгері қаза тапты. Армян тарапынан да қаза болғандар бар, бірақ олардың саны нақтыланып жатыр.


Әзірбайжан - Армения шекарасында атыс болды, - деп хабарлайды BBC Russian. Атыс кезінде Әзірбайжанның сегіз жауынгері қаза тапты. Армян тарапынан да қаза болғандар бар, бірақ олардың саны нақтыланып жатыр.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің нұсқасы бойынша, армян әскерилері Агдам, Тертер аудандарындағы Бакуге қарасты аумақтарға өтуге әрекеттенген. Дегенмен атыс болған шекаралық аумақ мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының бақылауында. 

1994 жылы Әзірбайжан мен Армения атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Соңғы жылдары шекарада ахуал арагідік шиелінісіп тұратын болды, жанжал аймағында мергендердің оғынан бейбіт тұрғындар қаза тауып жатады. Таулы Қарабақ жөніндегі бейбіт келіссөздердің де әлдеқашан тоқтатылғанын айта кету керек. Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс 1987 жылы басталған болатын. Құқықтық жағынан мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялады, ол Әзірбайжанның бір бөлігі болғанымен, ол аумаққа Армения өз билігін жүргізіп келеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети