23 ақпан 2014 19:51

Белоруссияда Майдан болмайды - Лукашенко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Лукашенко. Фото telegraph.co.uk сайтынан алынды. Александр Лукашенко. Фото telegraph.co.uk сайтынан алынды.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко елде Майдан болмайды деп мәлімдеді БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Біз қарқынды өзгеруші әлемде өмір сүріп жатырмыз. Біресе мында, біресе тағы бір жерде шиеленіс ошақтары бұрқ ете түсуде. Сондықтан бізге абай болған дұрыс. Өзгелердің қателігінен сабақ алуымыз керек және елімізде тұрақсыздықтың кішкене болсын бой көрсетуіне жол бермеуіміз тиіс" деп атап өтті Лукашенко. "Мұсылман әлеміндегі басылар түрі жоқ "төңкерістер" және Достастық елдерінде ауық-ауық қылаң беретін тәртіпсіздіктер сынды көп мысал келтіруге болады" дейді мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, сыртқы және ішкі күштердің жойқын қақтығысы сахнасына айналған көршілес Украинадағы жағдай да нақты мысал. "Біз үшін майданның керегі жоқ. Майдан Белоруссияда болмайды. Біздің жеріміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау - біздің сіздермен, погондағы адамдардың қасиетті міндеті" деді Лукашенко. Александр Лукашенконың пікірінше, әр елдегі мұндай оқиға бір-бірінен ерекшеленгенімен, одан ұқсастықты байқау қиын емес. "Соңғы кездері көп айтып жүргеніміздей, мемлекеттік биліктің әлсіреуі, сыбайлас жемқорлық, жазадан құтылып кету, биліктің жауапсыздығы ақыры тәртіпсіздік пен анархияға апарып соғады. Қоғам жікке бөлінеді, экономика тұралайды, халық зардап шегеді, сөйтіп олар деструктивті күштердің соқыр қаруына айналады. Егер мұндай күш өзімізде жетпей жатса, оны сырттан төгуі де мүмкін, біз осыны да жадымыздан шығармауымыз керек. Мұндай бөліске жемтігінен құр қалғысы келмеген құзғындай боп халықаралық "қамқоршылар" ұшып жетеді, сөйтіп қоғамдағы іріткіні одан сайын қоздырып, от қоя түседі" деп атап өтті Лукашенко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети