01 сәуір 2014 12:13

Борышкер шетелдіктердің Кеден одағы елдеріне кіруіне тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресейде Кеден одағы елдеріне айыппұл не кеден алымы жөнінен борышты болған шетелдіктерге кіру тәртібін қатайтатын заң жобасы жасалып жатыр деп жазады "Известия".


Ресейде Кеден одағы елдеріне айыппұл не кеден алымы жөнінен борышты болған шетелдіктерге кіру тәртібін қатайтатын заң жобасы жасалып жатыр деп жазады "Известия".

Атап айтқанда, кедендік баж бен салықтарды төлеу тәртібін бұзған тұлғалардың РФ аумағына кіруіне тыйым салынатын болады. Бұған қоса, егер заң жобасы қабылданса, Кеден одағы елдерінің бірінде кедендік төлемдерді төлемеген шетел азаматтары одақтағы басқа елдердің де аумағына кіре алмайды. "Известияның" мәліметінше, кедендік баж - барлық елдерде табыстың басты салаларының бірі.

"Бұл өзгертулер заңсыз мигранттар санын азайту жөніндегі жүйелі көзқарас шеңберінде әзірленіп отыр. Бұрын тек әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға қатысты нормалар ғана болды, бірақ салық пен кеден қызметкерлерінің бастамасы бойынша бұл нормаларға аталған қызметтердің өкілеттігін кеңейту есебінен оларды бюджетке алым өндіруге жұмылдыру туралы өзгертулер енгізу қажет болды", - дейді Федералдық көші-қон қызметінің мамандары.

Бұл шаралар заңбұзушыларға жағымсыз тосын сый сияқты болмауы үшін Федералдық көші-қон қызметі шетел азаматтарына қарыздар туралы түсіндіріп, оларды қалай өтеу керектігін түсіндіруді жоспарлап отыр. Сонымен бірге, енді шетелдіктердің қарызды қандай мерзімде өтеуі керектігін бұрынғыдай РФ үкіметі емес, атқарушы биліктің федералдық органдары, соның ішінде, Федералдық көші-қон қызметі де шешетін болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети