06 сәуір 2014 20:56

Донецкіде шерушілер облыс әкімшілігін басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет mignews.com.ua сайтынан алынған Сурет mignews.com.ua сайтынан алынған

"Донецкіде шерушілер облыстық әкімшілік ғимаратын басып алды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


"Донецкіде шерушілер облыстық әкімшілік ғимаратын басып алды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

6 сәуір күні Донецкі облыстық әкімшілік ғимараты алдында екі мыңға жуық адам жиналған. Жиналғандар облыс әкімшілік ғимаратындағы Украина туын алып тастап, орнына Ресей туын тіккен. Ондаған белсенділер терезелерді сындырып, ғимараттың екінші қабатына кірген. Екі мыңға жуық проресейлік белсенділер плакаттар іліп, көшелермен "Донецк Республикасы" деп айқайлап жүріп өткен. Агенттіктің мәліметіне қарағанда, милиция ғимарат алдына су атқылағыш машинасын алып келген.

Ескерте кетсек, қазіргі уақытта Донецкіде шеруге шыққан проресейлік белсенділер облыстық әкімшілік ғимаратынан шығып, Ленин алаңына бет алған. Шерушілер "халықтық губернатор" Павел Губаревті босатып, Донецкі облысының мәртебесін айқындайтын референдум өткізетін мерзімді белгілеуді талап етіп отыр.
 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети