Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ЕАЭО: Ресей Қырғызстанға жарты миллиард доллар бөледі

11 Тамыз 2014, 20:43
0
Владимир Путин мен Алмазбек Атамбаевтың 2014 жылдың 11 тамызында Сочидегі "Бочар бұлағы" резиденциясындағы кездесуі. ©РИА Новости
Владимир Путин мен Алмазбек Атамбаевтың 2014 жылдың 11 тамызында Сочидегі "Бочар бұлағы" резиденциясындағы кездесуі. ©РИА Новости

Ресей Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа жылдам енуі үшін оның экономикасын қолдауға 500 млн доллар бөледі, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты.

"Қырғыз экономикасын қарқынды дамытуға және оның еуразиялық интеграция процестеріне араласуын үйлестіруге мүмкіндік беретін тетіктерді құру жөнінде жалпы сомасы 500 млн доллар болатын уағдаластықтар келісіліп, мақұлданды", - деді Лвров журналистерге РФ президенті Владимир Путиннің қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевпен кездесуінің қорытындысы бойынша.

"Бұл - Ресейдің қырғыз экономикасы еуразиялық экономикалық интеграция процестеріне мейлінше жайлы араласуы үшін қолдау көрсетуге қосқан үлесі", - деді Лавров. Ол ҰҚШҰ шеңберіндегі одақтастық қатынас мағынасында екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жоспарларының бекітілгенін айтты.

Сергей Лавровтың айтуынша, екі ел басшылары энергетика саласында ірі жобаларды іске асыру жөнінде де уағдаласты. "Бұл уағдаластықтар қазірдің өзінде іске асырылып жатыр, олар Қамбарата ГЭС-і нысандары жобасы мен Жоғарғы Нарын ГЭС-інің каскадына қатысты, қос тараптың да осы екі ірі гидроэнергетикалық жобаны іс жүзіне асыруға қажетті мәселелерді жеделдетуі жөнінде қосымша тапсырмалар келісілді", - деді РФ Сыртқы істер министрі.

Еске сала кетейік, Қазақстан, Ресей мен Беларусь Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 29 мамырда Астанада қол қойған болатын. Қырғызстан бұл одаққа 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, толық мүше болуға ниет білдірді. Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Армения мен Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылу процесінің кестеге сай жүріп келе жатқанын мәлімдеген еді. "Армения біздің ұйымға қосылып келеді. Ол Қырғызстаннан бұрын қосылады. Тек кейбір техникалық мәселелер қалып тұр, біз қазір оларды шешумен айналысып жатырмыз", - деген болатын Ыдырысов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай