Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Еуразиялық үштік" пен Украинаның кездесуі тамызда Минскіде өтуі мүмкін

13 Тамыз 2014, 17:12
0
tengrinews © иллюстрациясы
tengrinews © иллюстрациясы

Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары мен оған РФ-ның қарымта шараларын, сондай-ақ оның ықтимал салдарларын талқылады деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары мен оған РФ-ның қарымта шараларын, сондай-ақ оның ықтимал салдарларын талқылады. Сол секілді олар Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украинаның кездесуін Беларусь Президенті А.Лукашенконың ұсынысына сәйкес биылғы тамыздың үшінші онкүндігінде өткізу мүмкіндігі де құпталды" делінеді Ақорда таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысын В.Путин өзінің Әзербайжан және Армения президенттерімен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етті. Тараптар қазіргі қиындықтарды талқылап, Таулы-Қарабақ мәселесі жөніндегі ұстанымдарын жақындастыруға тырысты.

Сөз соңында екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады.

Кремльдің баспасөз қызметі Назарбаев, Путин және Лукашенконың араларыңда болған телефондағы әңгіме барысында құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірқатар әріптестік мәселелері талқыланғандығы туралы да айтады. Негізінен, ол таяудағы Ресей үкіметі қабылдаған қаулыға сәйкес импортына тыйым салынған бірқатар тауарлардың Қазақстан мен Беларусь арқылы Ресейге заңсыз тасымалдануына жол бермеуде бірігіп іс-қимыл жасауға қатысты.

Алдында Украиндағы жағдай жөніндегі жоғары деңгейдегі келіссөздер Минскіде өтеді деп жоспарланған деп хабарланған.

Сондай-ақ алдында Н.Назарбаев Украинадағы жағдайға қатысты өз қобалжуын білдіріп, қатаң санкциялармен алмасу - тығырыққа тірер жол деп мәлімдеген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай