27 ақпан 2014 | 13:56

Жаңа билікке қарсы топ Қырым әкімшілік ғимараттарын басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Симферопольдегі Қырым парламенті ғимаратының алды. ©REUTERS Симферопольдегі Қырым парламенті ғимаратының алды. ©REUTERS

Қырымда елдің жаңа билігіне қарсы адамдар әкімшілік ғимараттарды басып алды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Қырым Жоғарғы Кеңесі өкілдерінің хабарлауынша, бүгін осы себепті депуттар жұмыс орнына кіре алмаған. "Біз жұмысқа келдік, бірақ ішке ене алмадық: ғимаратты милиция қоршауға алған. Бізге "ғимаратты басып алды, бүгін жұмыс болмайды" деді. Қырым Министрлер кеңесінде де осындай жағдай", - дейді олар. Парламент пен үкіметте 27 ақпанда осылайша күтпеген демалыс жарияланды. "Бастығымыз таңертең бөлімнің барлық қызметкеріне қоңырау шалып, ғимараттың басып алынуына байланысты жұмыс болмайтынын айтты", - дейді бір қызметкер. Еске сала кетейік, Қырымда 25 ақпан күні наразылық шаралары басталды. Тұрғындар депутаттардан елдің жаңа билігін мойындамауды талап етіп отыр. Ереуілшілер, сондай-ақ, Қырымның 1992 жылғы Конституциясын қалпына келтіруді сұрайды. Бұл заң Қырымға жеке басшы мен тәуелсіз сыртқы саясаттың болуын қамтамасыз етеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети