04 мамыр 2014 16:31

Қазақстан "еуразиялық бірыңғай аспан" тұжырымдамасын қолдамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасынан "еуразиялық бірыңғай аспан" туралы норма алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасынан "еуразиялық бірыңғай аспан" туралы норма алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Мәжіліс депутаты Асхат Бекеновтің сауалына қайтарған жауабында қазақстандық тараптың жүргізілген келіссөздер шеңберінде Еуразиялық бірыңғай аспан жобасының пайдасыздығын дәлелдегені айтылады. "Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасынан аталған нормалар алынды", - делінген хатта.

Қазіргі уақытта жобаның "Әуе көлігі" бөлімі екіжақты үкіметаралық келісімдерді дамыту мен жетілдіруді қарастыратын нұсқада келісілген. "Шарт жобасында бизнес-қауымдастықтар мүдделері теңестірілген, көлік қызметтерін ырықтандырудың бірыңғай қағидалары қарастырылған, оны іске асыру кезеңдері жеке халықаралық келісімшарттармен келісіледі", - дейді Кәрім Мәсімов.

Еске салайық, сәуір айында депутат Асхат Бекенов Үкімет басшысына сауал жолдап, еуразиялық ашық аспанды қалыптастыру идеясы мен әуе кеңістігін ырықтандыруға қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. 

Депутат мынадай цифрларды келтірді: қазақстандық ірі әуетасымалдаушы "Эйр Астананың" әуе флоты 28 әуе кемесінен тұрады, SCAT компаниясында 20 әуе кемесі бар, ал ресейлік екі ірі әуе компаниясының флоттары 137 және 101 әуе кемесінен тұрады ("Аэрофлот" және "Трансаэро").

"Барлық кедергілерді жойғанның өзінде "еуразиялық бірыңғай аспанды" құру қазақстандық авиацияның дамуына кері әсерін тигізеді", - деген болатын Бекенов. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның әуе көлігі өзге қатысушы мемлекеттермен тең бәсекелестік жағдайында емес.

"Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға әуежайлардың қызметі шетелдіктермен тең жағдайда көрсетіледі, қандай да бір жеңілдіктер жасалмайды. Біздің әуе компаниялары елімізде де, басқа елдерде де ешқандай әуежайда артықшылықтарды пайдаланбайды. Ал Ресейде өз әуежайларында ұлттық тасымалдаушыларға төмендетілген тарифтермен қызмет көрсету жолымен жанама субсидиялау қарастырылған", - деді ол.

Бекеновтің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің азаматтық авиация инфрақұрылымдарының түрліше дамуы себепті Еуразиялық экономикалық кеңістіктің көлік саясаты тұжырымдамасы ресейлік әуе көлігі өкілдерінің мүддесіне жауап беретін болады. "Аэрофлот" әуе компаниясы келген жағдайда бәсекелестік нарығында оның артықшылығы болады да, қазақстандық тасымалдаушылардың жағдайы нашарлауы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети