09 қазан 2014 17:03

Қазақстан мен Түрікменстан сауда айналымын жаңа теміржол есебінен көбейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2020 жылы Қазақстан-Түрікменстан-Иран жаңа теміржол бағытымен жүк тасымалдау мөлшері 15 миллион тоннаға жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мақтымғұлы Ақмырадовқа сілтеме жасап.


2020 жылы Қазақстан-Түрікменстан-Иран жаңа теміржол бағытымен жүк тасымалдау мөлшері 15 миллион тоннаға жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мақтымғұлы Ақмырадовқа сілтеме жасап.

"Осы жылдың соңына дейін Қазақстан-Түркменстан-Иран теміржолы толық ашылатын болады. Болжамдар бойынша, 2020 жылға қарай жаңа бағытта жүк тасымалдау мөлшері 15 миллион тоннаға жетеді, оның ішінде 3 миллион тоннасы - транзиттік жүк", - деп хабарлады ол Астанадағы баспасөз мәслихатында.  

Ақмырадовтың сөзінше, бұл Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) теміржол желісінің жалпы ұзындығы - 934,5 шақырым. Жолдың ең ұзаққа созылатын бөлігі - 722,5 шақырым - Түрікменстан арқылы өтеді. Қазақстан аумағына 130 шақырымы кіреді, ал Иран аумағында - 82 шақырым.  

"Өткен жылы тауар тасымалдау мөлшері 340 миллион доллар болған. Бұл біздің мүмкіндігімізге сәйкес келмейді. Сондықтан да осы жылы да, алдағы жылдарда да ең болмағанда жаңа теміржол ашылып, Қазақстан өз тауарын, негізінде бидайды Иран мен Парсы шығанағы елдеріне экспорттауды едәуір көбейтетін мүмкіндік алатындықтан айтарлықтай өседі деп ойлаймын", - деді ол.

Елшінің айтуынша, Түрікменстаннан Қазақстанға жеңіл өнеркәсіп тауарлары экспортталады: мата, кілем және мұнай-газ химия кәсіпорындарының өнеркәсіп тауарлары. Бірақ, оның сөзінше, Қазақстан Түрікменстанға көп тауар жеткізеді, ал Түрікменстаннан келетін тауарлар, керісінше, аз. 

Дипломат Түрікменстанның Қазақстан нарығына тауарлардың түсуіне мүдделі екенін айтты. "Менің арманым - осында түрікмен тауарлары дүкенін ашу. Кілемдер мен мата... Бізде әйелдерге арналған күмістен ескіше жасалған өте әдемі әшекейлер және тағы да басқалар бар. Мұндай дүкендер міндетті түрде керек, біз осы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети