1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. ТМД

Қазақстан ТМД әлеуетін аша түсуге ұмтылады – Назарбаев10 қазан 2014, 19:58

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Қазақстан ұйымда өзі төрағалық етіп отырған уақытта одан ары қарай да ТМД әлеуетін аша түсуге ұмтылады, - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "24 kz" арнасы трансляция жасаған  ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында.

"Біздің мемлекет Достастықтың әлеуетін ары қарайда аша түсуге ұмтылатын болады. Сондай-ақ біз Беларусь тарапынан жасалған бірізділік принципіне сүйене отырып, өз жұмысымызды жасамақпыз", - деді Назарбаев. 

Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше елдерді серіктестіктің барлық бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеуді күшейтуге шақырды. "Сондай-ақ, біздің бұрын қабылдаған шешімдеріміз іске асырылуы керек. Бұл шешімдер қауіпсіздікке, экономикаға, гуманитарлық сфераға қатысты", - деп жалғастырды сөзін Елбасы.

Өз ойларымыздың Достатық құрамында жүзеге асуына, сенімге ие болуына жұмыс істейміз. Біздің көпқырлы серіктестігімізде маңызды сұрақтарды талқылауда ТМД рөлін күшейтуіміз керек", - деді Президент. 

Сондай-ақ, Елбасы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары дәрежеде бірлесіп атап өтудің, ардагерлерге құрмет көрсетудің маңыздылығын да айтып өтті. "Біз бүгін Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге қатысты айтылған ұсыныстарды қолдаймыз" - деді ол.  


Алматыда митинг өтті