Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Кеден одағы елдері Украинаға талап қойды

27 Тамыз 2014, 11:19
0
©Ренат Ташқынбаев
©Ренат Ташқынбаев

Украина мен Еуроодақтың ассоциациясына, яғни қосылуына қатысты алаңдаушылық болмас үшін ағымдағы жылы қыркүйектің 12-сіне дейін Украина - Ресей - Еуроодақ жұмыс тобы тиісті ұсыныстарды даярлап қоюы тиіс. Кеден одағы елдері Украинаға осындай талап қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәлімдемені Минск қаласындағы Кедендік одақ елдері мен Украина президенттері, сондай-ақ Еуропалық одақ өкілдері қатысқан саммиттің қорытындысы бойынша Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко жасады. 

"Сауда-экономикалық байланыстар саласында Украина - Ресей - Еуроодақ тобының жұмыс істеп жатқанын ескере отырып, біз аталған топтың жұмысын күшейтуді ұсындық. Негізгі мақсат - Кедендік одақтың, оның ішінде Ресей Федерациясының Украина мен Еуроодақтың ассоциациясына байланысты алаңдаушылығын алып тастау. Осыған байланысты қыркүйектің 12-сіне дейін тиісті ұсыныстар даярлануы тиіс. Бұл жұмыс Украина мен Еуропалық одақ арасындағы келісімді ратификациялауға дейін атқарылуы қажет. Украина парламенті аталған құжатты ратификациялағаннан кейін Украинаның Кедендік одақ пен Ресеймен еркін сауда аймағында экономикалық байланыстары туралы келіссөздерді жүргізу орынсыз. Бұл мәселені Ресей президенті де ерекше атап өткен болатын", - деп атап көрсетті Лукашенко. Айта кеткен жөн, бас кезінде саммит қорытындысына арналған баспасөз мәслихатына барлық тараптар қатысады деген жоспар болған. Соңында Беларусь президенті жалғыз өзі бұқаралық ақпарат құралдарының алдына шығып, саммит қорытындысын жариялады. Лукашекно сол үшін кешірім сұрады. 

"Төрт сағаттық кездесу кезінде барлығы өз ойларын ортаға салды. Әрине, тараптардың ұстанымдары әрқилы. Дегенмен барлығы компромисс іздеу керектігін алға тартып отыр. Украинаның шығысындағы шиеленісті талқылау барысында бәріміз жағдайды ушықтырмау қажет деген шешімге келдік. Тұтқынға түскен азаматтарды босату, босқындар мәселесін шешу, гуманитарлық көмек беру және тағы басқа мәселелер бар. Әсіресе қазір қыстың алдында гуманитарлық шиеленісті жою аса маңызды болып тұр", - деді Лукашенко. 

Беларусь басшысының айтуынша, тараптар Украина мәселесін бейбіт түрде шешу аясында  Минск қаласын Украина - Ресей - ЕЫҚҰ тобының тұрақты алаңы ретінде белгілеуді қолдады. Бұл ұсынысты Украина президенті жасады. Порошенко аталған топтың кездесуін қысқа уақыттың ішінде өткізу керек деп санайды. 

"Президент Назарбаевтың Украина бойынша барлық мәселелерді қазіргі форматта талқылауды жалғастыру ұсынысы да қабылданды", - деп атап көрсетті ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай