04 маусым 2014 21:06

Кедендік одақ Қырғызстанды дағдарыстан құтқара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz © иллюстрациясы Тengrinews.kz © иллюстрациясы

Кедендік одақ Қырғызстанды дағдарыстан құтқара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "24.kg" ақпарт агенттігіне сілтеме жасай отырып.


Кедендік одақ Қырғызстанды дағдарыстан құтқара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "24.kg" ақпарт агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы бүгін Қырғызстан республикасының Кедендік одаққа кіруі жөніндегі дөңгелек үстелде Нарық және өнеркәсіп ассоциациясының атқарушы директоры Сапарбек уулу Әлишер мәлім етті. 

Оның айтуынша, Қырғызстанда дағдарыстың екінші кезеңі басталды. "Қазақстан мен екі ортадағы шекара жабық, Тауарларды экспорттауға тиым салынған. Бюджет 2 миллирд сомға кеміді. (1 сом ҚР Ұлттық банкінің курсы бойынша 3,5 теңгеге тең. 5.06.2014). Қызмет көрсету саласы бойынша 16-20 миллион сом түскен. Бірнеше айдан кейін әлеуметтік салада дағдарыстың үшінші кезеңі басталады. Жылдың соңына дейін ел экономикасы төмендеп кетуі мүмкін" - деді ол. Сондай-ақ Сапарбек уулу Әлишер Қырғызстан Кедендік одаққа кіруі керек дегенді алға тартты. 

Қырғызстанның экономика министрінің орынбасары Данил Ибраев "Дордой" және "Кара-Суу" базарларының кәсіпкерлері Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруіне қарсы еместігін жеткізді. "Егер Қырғызстан Кедендік одаққа кірмесе, елдегі ірі базарлар жұмысын тоқтатады" - деді шенеунік. 

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда Ресей, Қазақстан, Беларусь Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруі жөніндегі Жол картасын мақұлдады. Қырғызстан Кедендік одаққа 2015 жылы кіреді деп жоспарлануда. Ресей Даму қорына 1 миллиард доллар, Жол картасын жүзеге асыруға 200 миллион доллар қаржы бөлді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети