19 ақпан 2014 12:50

Киевтегі дүрбелең: адам өлімі 18-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевтегі дүрбелең: көз жұмғандар саны 18-ге жетті деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Киевтегі тәртіпсіздікке қатысушылар тарапынан 11 адам және жеті құқыққорғау өкілі көз жұмды. Бұған дейін төрт милиция және радикалдар тарапынан жеті адам ажал құшты деп мәлімделген еді. Соңғы деректерге сүйенсек, ішкі істер органының 298 қызметкері дәрігерлік көмекке жүгінген, оның 272-сі ауруханаға орналастырылған. 59 құқыққорғаушы оқтан жараланған. Ал шеруге шығушылар тарапынан 221 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 114-і госпитальға жеткізілген. Жергілікті БАҚ-тардағы мәліметтер бойынша, "Беркут" арнайы бөлімшелері "Евромайдан" лагерін ығыстыра бастаған. Сол кезде радикалдар мен құқыққорғаушылар арасында жаппай қақтығыс басталған. Тәртіпсіздікке қатысқандар Майдандағы (алаңдағы) алауды нысанға алған, яғни "Беркут" баррикадасын осы сызықтан асырмауды мақсат еткен. Орын алған осы оқиғаға байланысты Киев билігі 19 ақпанды астананың орталығындағы мектептер мен балабақшалар үшін демалыс күні деп жариялады. Алдында Киев әкімшілігі кәсіпкерлерді сәрсенбіні демалыс күні етіп жариялауға шақырған еді. Сондай-ақ радикалдар облыс әкімшілігін, милицияның аймақтық бөлімшесін, облыс прокуратурасын және ІІМ-нің Львовтағы ішкі әскери бөлімшесіне шабуыл жасағаны белгілі боп отыр. Әскери бөлімшеге 2 мыңға жуық радикал баса-көктеп кірген. Қақтығыс барысында 30 әскери қызметкер зардап шеккен. Олар ғимарат пен бірнеше автокөлікті өртеп, сонымен қатар әскерилерге қарай "Молотов қойыртпағын" (жарылғаш затты), тастар лақтырған. Еске сала кетелік, Киевтегі тәртіпсіздік 18 ақпанда қайтадан күш алды. Радикал белсенділер 2004 жылғы Конституцияны қайтадан қалпына келтіріп, парламенттік-президенттік басқару тәсілін жаңғыртуды талап етті. Шерушілер Киевтің орталық ғимараттарына баса-көктеп кіріп, машина дөңгелектерін жағып, тастар лақтырған, милиционерлердің машинасын да бүлдірген. Милиция мәліметі бройынша, оппозиционерлер бірінші болып қару қолданған. Ішкі әскердің 5 сарбазы жарақаттанған. Қазіргі уақытта құқыққорғаушылардан жараланғандар саны шамамен 50-ден асады. Тәртіпсіздікке байланысты билік Киевке қарайғы жол қозғалысын тоқтатқан. 2013 жылдың 21 қарашасында Украина Еуропалық одақ қауымдастығымен келіссөзге қол қою процесін кілт доғарған. Билік бұл шешімін басты сауда-саттық әріптестері - Ресей мен ТМД елдері арасындағы тауарайналымның күрт төмендеуімен , сонымен қатар Украина бұл келіссөзге қол қойса, экономикалық қиын жағдайға тап болатындығымен түсіндірген. Үкіметтің мұндай шешімі бейбіт шерушілердің ашу-ызасын туғызған, сөйтіп ол Киевтегі және Украинаның басқа қалаларындағы "Евромайдан" деген атауға ие болған тәртіпсіздікке ұласқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети