Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс тұрмыстық кикілжіңнен туған

08 Мамыр 2014, 14:23
0
©Stanradar.com
©Stanradar.com

Тәжікстан мен Қырғызстанның шекаралас өңірі тұрғындарының қақтығысына тұрмыстық жанжал себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала ақпарат бойынша екі ел азаматтары арасындағы қақтығыс шекаралас өңірдің екі тұрғынының тұрмыстық кикілжіңінен туған. Қазіргі уақытта Баткен облысындағы шекаралық аумақта жағдай тұрақты, ішкі істер бөлімі қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауға алды", - делінген ведомствоның ресми сайтында. Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары оқиға орнына аттанған.

7 мамырда сағат 20.00 шамасында Баткен облыстық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Ақ-Сай, Көк-Таш, Орто-Боз елді мекендерінің үстінен өтетін Ворух - Исфара автожолында Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтары арасында қақтығыс болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Адамдар бір-бірін таспен атқылаған.

Оқиға орнына келген милиция қызметкерлері қырғыздар жақтан 500-ге жуық, тәжіктер тарапынан 100-ге жуық адам жиналғанын көрген. Тәртіп сақшыларының араласуынан кейін сағат 22.50 шамасында екі жақ бір-біріне тас атуды тоқтатты. Бұл кезде Қырғызстанның азаматтары Көк-Таш, Таш-Тұмшұқ, Орто-Боз ауылдарында болса, Тәжікстан азаматтары Майский және Чорку елді мекендерінде топтасқан.

Сағат 23.30-да жағдай әлі де болса шиеленісіп тұрды. Ол кезде жаппай тәртіпсіздік салдарынан 20-ға жуық адамның жараланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны нақтыланып жатыр. Тәжікстандықтардың қаншасы жарақат алғаны белгісіз. Олардың қырғызстандықтарға тиесілі май құю бекеттерін, көліктер мен сауда орындарын өртегені туралы мәлімет тексеріліп жатыр.

8 мамыр күні сағат 02.00-де 500-ге жуық қырғызстандық оқиға орнынан үйлеріне тараған. Бұл уақытта Тәжікстан азаматтары да жанжал аймағынан көрінбеді. Қырғызстанның түрлі деңгейде жарақат алған 10 азаматы Баткен облыстық орталық ауруханасына жеткізілді. 

Ішкі істер қызметкерлері екі ел азаматтарының қару қолдану дерегін де нақтылап жатыр. Сағат 04.00-те облыстық басқарма мамандары халық арасында алдын алу шарасын жүргізіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін толық бақылауға алған. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай