20 наурыз 2014 20:45

Қырғызстан Қырымда өткен референдум қорытындысын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Қырғызстан Ресейге қосылу жөніндегі Қырым референдумының қорытындысын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қырғызстанның сыртқысаясат ведомствосы өздері бұған дейін білдірген "Украинаның бұрынғы билігі жасаған әрекетін алдын ала ойластырмаған және лауазымды қызметкерлері жемқорлыққа бой алдырған" - деген пікірде. Бүгінде орын алған тұрақсыздық пен ондаған адамның қаза табуы соған дәлел. "Ал 16 наурызда Қырымда өткен референдум қорытындысы автономды республикадағы басым көпшілік тұрғынның таңдауын көрсетсе керек. Бұл референдумға тараптар әр түрлі баға бергенімен, шынайылығы сол болып қала бермек", - делінген ведомство таратқан мәліметте. СІМ пайымдауынша, дәл қазіргі уақытта Украина мемлекетінің болашағы жолында билікті қолына алған саясаткерлер үшін аса ауыр кезең болып тұр. "Кез келген бастаманы көтермес бұрын, кез келген әрекетке бармас бұрын "жеті рет өлшеп, бір рет кесу" керек. Бұндай аумалы төкпелі заманда ең бастысы күштік құрылымдардың араласпағаны абзал", - делінген әлгі мәліметте. Еске саламыз, наурыздың 16-ы күні Қырымда аймақ мәртебесін анықтау мақсатында референдум өткен болатын. Ол кезде Қырымның басым көпшілік тұрғыны Ресей құрамына кіруге қарсы емес екендіктерін білдіріп, дауыс берген. Референдум қорытындысы белгілі болғаннан кейін Қырымның жоғарғы Кеңесі тәуелсіздікті жариялаған. Ресей президенті Владимир Путин, Қырым басшылар мен Севастопольдың мэрі Қырым мен Севастополь қаласын Ресей құрамына алу туралы келісімге қол қойған болатын. Ал Украина билігі мен батыстың бірқатар елдері өткен референдумды заңсыз деп тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети