31 наурыз 2014 17:41

Қырғызстан парламентінде көпшілік коалициясы жаңадан құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қырғызстан парламентінде бұрынғы құрамда көпшілік дауысқа ие коалиция қалыптасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қырғызстан парламентінде бұрынғы құрамда көпшілік дауысқа ие коалиция қалыптасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

СДПК, "Ата Мекен" және "Ар-Намыс" фракциялары коалициялық келісімге қол қойды. Енді олар үкіметтің жаңа құрамын қалыптастыруға және үкімет басшысын бекітуге кіріседі. Көпшіліктің атынан премьерлікке бір үміткер - үкімет басшысының міндетін атқарушы қызметіндегі Жоомарт Оторбаев ұсынылды.

"Ата-Жұрт" пен "Республика" фракциялары оппозицияда қалды. Жаңа коалиция қалыптастыру екі аптаға созылды. Бұған дейін көпшілікке төрт фракция енеді деп топшыланған еді. Бірақ "Республика" өз жетекшілері - елдің бір кездегі үкімет басшысы Өмірбек Бабанов премьер-министр болсын деген талап қойды. Депутаттар бұл шартты қабылдамай тастады. Ал "Ата-Жұрттың" депутаттарына өз партияластары көпшілік коалициясына қосылуға мүлдем тыйым салған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети