23 сәуір 2015 16:05

Қырғызстан премьері Жоомарт Оторбаев отставкаға кетуге өтініш берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоомарт Оторбаев. ©РИА Новости Жоомарт Оторбаев. ©РИА Новости

Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев отставкаға өтініш берді, - деп хабарлайды РИА Новости. Өз шешімін ол бүгін, 23 сәуірде үкіметтің 2014 жылғы есебін парламентте таныстырғаннан кейін айтты.


Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев отставкаға өтініш берді, - деп хабарлайды РИА Новости. Өз шешімін ол бүгін, 23 сәуірде үкіметтің 2014 жылғы есебін парламентте таныстырғаннан кейін айтты.

Еске салайық, Жоомарт Оторбаев Қарғызстанның премьер-министрі болып өткен жылдың сәуір айында тағайындалған болатын. Сол кезде үкімет басшысының тағайындалуы және министрлер кабинетінің жаңа құрылымы туралы сәйкес жарлыққа президент Алмазбек Атамбаев қол қойған еді. Оған дейін ол бірінші вице-премьер қызметін атқарған. 

2014 жылдың 26 наурызында Жоомарт Оторбаев Қырғызстанның премьер-министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Оның алдында парламент коалициясы құлап, премьер-министр Жантөре Сатыбалдиев отставкаға кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети