25 наурыз 2014 18:53

Қырғызстан премьер-министрі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанторо Сатыбалдиев. ©Knews.kg Жанторо Сатыбалдиев. ©Knews.kg

Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Жанторо Сатыбалдиев отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін, 25 наурызда үкімет мүшелерінің отырысында мәлім болды. Министрлер кабинеті мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Сатыбалдиев президенттің атына өз еркімен қызметтен кетуге арыз жазғанын айтты. Ол өзі премьер болған уақытта үкіметтің көп жұмыс атқарғанын атап өтті. Үкімет жалақының өсуіне, жаңа мектептердің салынуына қол жеткізді. Сонымен бірге, агроөнеркәсіп кешені де табыстарға жетті. Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Қырғызстанда парламенттегі көпшілік коалициясы ыдыраған болатын. Елдің заңманасына сәйкес, мұндай жағдайда үкімет автоматты түрде таратылады. Бірақ министрлер кабинеті жаңа коалиция қалыптасып, үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенше міндетін атқаруы тиіс. Жанторо Сатыбалдиев бұл рәсімдердің аяқталуын күтпей, мерзімінен бұрын қызметтен кетуге арызданып отыр. Енді Қырғызстанның жаңа үкімет басшысы 11 сәуірге дейін тағайындалуы керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети