04 қараша 2014 10:18

Қырғызстанда экс-премьердің ұлы тыңшылығы үшін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Бішкекте Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері елдің бұрынғы премьер-министрі Амангелді Мұралиевтің ұлы Алтынбек Мұралиевті тыңшылық әрекеті үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомствоның қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің мамандары айтты.

Ел үкіметі аппаратының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Мұралиевке шетелдік азаматтарға мемлекеттік құпиядан тұратын мәліметтерді берді деген күдік келді. Оның үстінен "Қызметтік құпиядан тұратын мәліметтерді шетелдік ұйымдарға беру немесе оларды сол мақсатпен жинау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қырғызстан экс-премьерінің ұлы қазір МҰҚК тергеу изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін - 4 қараша күні сот оған қатысты бұлтартпау шарасын белгілеуі тиіс. Тыңшылық әрекеті үшін күдік келіп отырған Алтынбек Мұралиев үйленген, екі баласы бар. Айта кетейік, оның әкесі - Амангелді Мұралиев 1999-2000 жылдары Қырғызстан премьер-министрі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети