Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қырғызстанда ереуіл кезінде 30-ға жуық адам зардап шекті

04 Сәуір 2014, 11:30
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қырғызстанның Талас облысында ереуілшілер мен милиция қызметкерлерінің қақтығысы кезінде 30-ға жуық адам зардап шекті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зардап шеккендердің 19-ы - милиция қызметкері, тоғызы - ереуілге қатысушы.

Талас облысының Бақай-Ата ауданының 500-ге жуық тұрғыны қазақстандық "Алтын Кумуштак Mining" компаниясының "Шыралжың" кенішінен алтын өңдеуін тоқтатуды талап етіп, митингке шыққан болатын. Олар халықаралық маңызы бар Талас - Тараз тас жолын жауып тастады. Ереуіл кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 100-ге жуық тәртіп сақшысы шықты. Наразылық шарасы барысында ереуілшілер милиция қызметкерлерімен қақтығысып қалды, ереуілшілер тәртіп сақшыларына кесек лақтырған.

Милиция бүлікшілерге қарсы шу гранаталары мен түтіндеткіш құтыларды қолдануға мәжбүр болды. Ауаға бірнеше рет оқ та атты. Зардап шеккен 19 қызметкердің екеуі ауыр жарақат алған. Қырғызстан Үкіметі Талас облысындағы ахуал қазір қалыпты деп мәлімдеді. Өңірге қосымша күш жіберілмеген. 

Қазақстандық "Алтын Кумуштак Mining" жауапкершілігі шектеулі қоғамы "Шыралжың" кенішінде 2005-2009 жылдары барлау жүргізген. Бірақ қызметіндегі заңбұзушылықтар себепті 2009 жылы лицензиясынан айырылды. 2013 жылға дейін Қытайдың "Ти Жен Хун" компаниясы барлау жүргізді. Қазақстандық кәсіпкерлер сотта жеңіліп қалса да, 2013 жылы Жер қойнауын пайдалану құқықтары жөніндегі комиссия компанияның лицензиясын қалпына келтірген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай