26 қыркүйек 2014 12:29

Қырғызстанда жастар оппозиция депутаттарына жұмыртқа лақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Равшан Жээнбеков. ©knews.kg Равшан Жээнбеков. ©knews.kg

Қырғызстанда жастар Ұлттық оппозиция қозғалысының жетекшісі Равшан Жээнбеков пен парламент депутаты Өмірбек Әбдірахмановқа жұмыртқа лақтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оппозиция депутаттары мен белсенді жастар Ош қаласында елді дамыту стратегиясын таныстырмақ болған.

Алдымен депутаттар облыстық кітапхана ғимаратын конференция өткізуге жалға алмақ болды, бірақ оларға рұқсат берілмеді. Кейін олар жергілікті кафелердің бірінде бас қосты. Конференция қыза бастаған кезде залға бір топ жас кіріп келіп, спикерлерге жұмыртқа лақтырды.

"Бұзақылық әрекеттерінің бәрі Ош милициясының салғырт қарауынан болғанын айтқым келеді. Оқиға орнында 10-15 милиционер болды. Олар ашулы әйелдер мен шымыр денелі жастардың бізге шабуыл жасағанын жай ғана сырттан бақылап тұрды", - дейді Равшан Жээнбеков. 

Айта кету керек, Равшан Жээнбеков пен Өмірбек Әбдірахманов елде проамерикалық көзқарастарымен танымал. Жээнбеков осы жылдың көктемінде Киевтегі "Майданға" қатысқан. Жуырда бұл екі депутат Қырғызстанның АҚШ-тағы елшілігіне хабарласып, өздерін сенатор - посткеңестік кеңістіктегі түрлі-түсті төңкерістердің идеологы Джон Маккейнмен кездестіруді сұрады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети