09 наурыз 2014 18:29

Қырым Жоғарғы кеңесінің басшысы: Ресейге қосылуға мүмкіндік бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚАР Жоғарғы кеңес төрағасы  Владимир Константинов. Фото www.rada.crimea.ua сайтынан алынды ҚАР Жоғарғы кеңес төрағасы Владимир Константинов. Фото www.rada.crimea.ua сайтынан алынды

Қырым Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Константинов қырымдықтардың өз таңдауын жасауға өтініштерін білдіруге шақырған жиында Қырымның Ресейге қосылуға толық мүмкіндігі бар екенін, ал Украина құрамында Қырымның ешқашан лайықты орынын ала алмай келгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kzҚырым автономды республикасы Жоғарғы Кеңесінің сайтына сілтеме жасап. "Біз үшін тарихи мүмкіндік туып тұр: ешқайда да көшпестен, әрі қырымдық болып қала беріп, Ресейге - ҮЙГЕ ҚАЙТУҒА. Осы мүмкіндікті жіберіп алмайық!", - деді Константинов. "Украина құрамында Қырым елі ешқашан өзіне лайықты орынын алмаған. Егер біздер, яғни қырымдықтар осы елдің құрамында бұдан кейін де қала беретін болсақ, онда бізді кемсітушіліктен бөлек, мәдени-этникалық ерекшелігімізге байланысты алалаушылық, қала берді ұлт ретінде жойылып кетуімізге қауіп төнуі де мүмкін", - деп үндеу тастады Жоғарғы Кеңес төрағасы. Ол сондай-ақ, әр тұрғынның қай елге қосылғысы келетініне өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін референдумға қатысып қана қоймай, Қырымның Ресей Федерациясы құрамына кіруіне қолдау көрсетуін сұрады. Бұған дейін хабарланғанындай референдум наурыздың 16-ы күнге белгіленген еді. "Біз ол референдумға өз таңдауларыңызды жасау және Украина құрамында қырым автономиясы құқықтарын кеңейту туралы мәселені қостырып отырмыз. Тағы да қайталап айтамын: бізбен бірге 23 жыл бойы өмір сүрген ол Украина бүгін де жоқ және дәл қазір Киевте бізбен бірігіп өмір сүруге келісетіндей ешкім қалмады", - деді ол. Константиновтың пікірше, осыдан 60 жыл бұрын қырымдықтарға қатысты әділетсіздік орын алған екен. "Ол кезде жоғарыда отырғандар ақылдаспастан бізді Ресей Федерациясынан шығарып алып, Украина КСР-ға қосып жіберген болатын", - деді ол өз үндеуінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети