29 мамыр 2014 09:41

Луганскі халықтық республикасы Қазақстанның мойындауынан үмітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерий Болотов. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Валерий Болотов. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Өздерін республика деп жариялаған Луганскі халықтық республикасының (ЛХР) басшысы Валерий Болотов ЛХР-ді ең алдымен Ресей, Беларусь, Қазақстан, Абхазия және Оңтүстік Осетия мойындайтынынан үмітті екенін айтты" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Өздерін республика деп жариялаған Луганскі халықтық республикасының (ЛХР) басшысы Валерий Болотов ЛХР-ді ең алдымен Ресей, Беларусь, Қазақстан, Абхазия және Оңтүстік Осетия мойындайтынынан үмітті екенін айтты" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Біздің даусымызға ең алдымен достастық Ресей үн қосады деп сенеміз. Жас және болашағынан үміт күттіретін Абхазия мен Оңтүстік Осетияға да үміт артамыз. Сондай-ақ Еуразияда қуатты мемлекеттер Беларусь пен Қазақстан бар, олар біздің тағдырымызға немқұрайлы қарамайды деп үміттенеміз" деді Болотов.

Сондай-ақ, ЛХР басшысы "Біз ғасырлар бойы экономикалық байланыста болып келген мемлекеттер жайлы айтып отырмыз және олармен жұмысты жандандыру болашақтан үлкен үміт күттіреді. Бізді тәуелсіз ел деп мойындау, бізге Еуразиялық және Кедендік одаққа кіруге, тек славян халықтарының ғана емес әлемдік қауымдастықтың интеграциялық процестеріне қосылуға мүмкіндік береді" деді ол.

Сонымен қатар Болотов аталған елдердің ЛХР-ға гуманитарлық көмек көрсетіп қана қоймай, республика аумағында бейбітшілік орнату үшін бітімгершілік күштерді де бағыттайтынынан үмітті екенін жеткізді. Сондай-ақ ол, тұрақтылықты қамтамасыз ету, банк жүйесінің, өндіріс секторының, әлеуметтік салалардың жұмысын жолға қою үшін ел билігі жол картасы бағдарламасын жасағанын айтты.

11 мамырда Украинаның Луганскі облысында аймақтың тәуелсіздігі туралы референдум өткізілген болатын. Ұйымдастырушылар дауыс берушілердің басым көпшілігі тәуелсіздікті қолдады деп мәлімдеді. Мәскеу халықтың таңдауына құрметпен қарайтынын айтса, Киев дауыс беруді "фарс" деп атады. АҚШ, Еуроодақ және НАТО референдумды мойындаған жоқ. Қазіргі таңда ЛХР-де халық жасақтары мен Украина ұлттық гвардиясы әскерлері арасында қақтығыс жалғасуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети