19 тамыз 2014 21:00

Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенкомен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко. ©РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко. ©РИА Новости

Украина президенті Петр Порошенко 26 тамызда Минскіде Қазақстан, Ресей, Беларусь басшыларымен және Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесуге келісті. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Украина президенті Петр Порошенко 26 тамызда Минскіде Қазақстан, Ресей, Беларусь басшыларымен және Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесуге келісті. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде Украина мен Еуропалық одақ арасындағы Келісімді орындаумен байланысты мәселелер, энергетикалық қауіпсіздік және Донбастағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланады, - деп хабарлайды Порошенконың баспасөз қызметі.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, Минскіде Кеден одағы елдерінің жетекшілері Порошенкомен Киевпен өзара әрекет ету жайын талқылайды. "Кеден одағы мен Украинаның қарым-қатынасын талқылау жоспарланған", - деп хабарлады Песков РИА Новости агенттігіне.

"Еуразиялық үштік" жетекшілері телефон арқылы әңгімелесу барысында Украинамен арадағы экономикалық қатынастардың жаңа жағдайда дамуымен байланысты мәселелерді бірнеше рет талқылаған болатын. Жуырда Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің және Қазақстан мен Ресей басшыларының Украина президентімен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Бүгін, 19 тамыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозудың телефон әңгімесі барысында қажет болған жағдайда Кеден одағы және Еуропалық одақ елдері мен Украина арасында мұндай кездесуді Астанада өткізу туралы да уағдаластық жасалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети