04 қараша 2014 12:44

Ош оқиғаларын ұйымдастырушыға өмір бойғы жаза берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қадыржан Батыров. ©РИА Новости Қадыржан Батыров. ©РИА Новости

Қырғызстанда өзбек диаспорасының бұрынғы басшысына Оштағы оқиғаларды ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасы бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Ош оқиғалары 2010 жылы болды.


Қырғызстанда өзбек диаспорасының бұрынғы басшысына Оштағы оқиғаларды ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасы бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Ош оқиғалары 2010 жылы болды.

Сот Ош қаласы, Ош және Жалал-Абад облыстарында 2010 жылдың маусым айында болған ұлтаралық жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандарға қатысты үкім шығарды. Өзбек диаспорасының бұрынғы басшысы Қадыржан Батыров пен оның сыбайласы Абдурасуловқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ұйымдастырушылардың бірі - өзбек диаспорасының өкілі Абдуллаева 16 жылға сотталды.

Сот оларды "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу", "Сепаратистік қызмет", "Ұлтшылдық, нәсілшілдік-діни немесе дінаралық алауыздықты қоздыру" баптары бойынша айыпты деп таныды. Қадыржан Батыровқа үкім сырттай шығарылғанын айта кету керек. Ол Еуропа елдерінің бірінен саяси пана алған болатын. Ош оқиғаларынан соң ол бірден елден қашып кетті, оның елдегі барлық мүлкі мемлекеттің меншігіне өтті.

Ош оқиғалары 2010 жылы 11 маусымға қараған түні бұрқ ете қалған болатын. Қырғыздар мен елдің оңтүстігінде бұрыннан тұратын өзбектер арасында қанды қақтығыс өршіді. Үш күн ішінде 420-дан астам адам опат болып, 21-і із-түссіз жоғалып кетті. Мыңдаған адам жарақат алды. Зардап шеккендердің 70 пайызы - этникалық өзбектер, 29 пайызы - қырғыздар, жапа шеккендердің арасында өзге ұлттардың өкілдері де бар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети