08 шілде 2014 10:06

Порошенко Донецк мен Луганскіге қатысты арнайы операция жоспарын бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет unian.net сайтынан алынған Сурет unian.net сайтынан алынған

Украина президенті Петр Порошенко Донецкі мен Луганскіні жасақтардан азат ету арнайы операциясының жоспарын бекітті. Бұл туралы Украина қорғанысы және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Михаил Коваль мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz УНИАН ақпарат құралына сілтеме жасап.

Одан өзге, оның сөзіне қарағанда, Порошенко бүкіл Донабасты жасақтардан тазарту жоспарын қолдаған. "Бас қолбасшы Петр Порошенко жоспарды бекітті. Жоспарда жерімізді елде тұрақсыздық туындатып отырған адамдардан азат етудің барлық кезеңі қарастырылған" деп атап өтті Украина қорғанысы және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

Сонымен қатар, Коваль Украинамен арадағы шекарада ресейлік батальондардың шоғырланғанын айтады. Ол "ресейлік шекарашылар шекара арқылы Украинадан Ресей аумағына лаңкестік топтардың өтіп кетпеуін қамтамасыз етпек" деп қосты.

Естеріңізге сала кетсек, Бұған дейін Порошенко елдің шығысындағы арнайы операция жетекшісі және Украина қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары Василий Крутовты қызметінен босатқан болатын. Антитеррорлық орталық жетекшісі және УҚҚ бастығының бірінші орынбасары етіп Василий Грицакты тағайындаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети