1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. ТМД

Путин шекараны ТМД мемлекеттерімен бірге қорғау туралы келісімді мақұлдады13 наурыз 2014, 10:44

Ресей президенті Владимир Путин. Фото РИА Новости© Ресей президенті Владимир Путин. Фото РИА Новости©
Ресей президенті Владимир Путин Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шекара қызметі ведомстволарының шекараны бірігіп қорғауға арналған біріккен сарапшылар тобын құру туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл құжат біріккен сарапшылар тобын құруды көздеп қана қоймай, сондай-ақ, шекараның сыртқы бөлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, шекара маңында тіркелген ақпараттарды жинайтын болады. Ол келісімге Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдавия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей мен Украина қол қояды деп күтілуде. "Бұл құжатқа қол қоюды уақыттың өзі талап етіп отыр", - делінген ол құжатта. Путин сондай-ақ, Ресейдің Федералды тергеу бюросына бұрынырақта РФ Үкіметі мақұлдаған тиісті құжаттарға келісім негізінде қол қою үшін келіссөздер жүргізуге рұқсатын да берді.