10 қазан 2014 17:05

Ресей ТМД елдерінің Еуроодақпен ынтымақтастығына қарсы емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ресей ТМД елдерінің Еуроодақпен ынтымақтастығына қарсы емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Владимир Путин бұл туралы өз пікірін Минскідегі ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы барысында айтты. Отырысты "24КZ" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.


Ресей ТМД елдерінің Еуроодақпен ынтымақтастығына қарсы емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Владимир Путин бұл туралы өз пікірін Минскідегі ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы барысында айтты. Отырысты "24КZ" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

"Біз Еуроодақпен жақындасуға ешқашан қарсы болған емеспіз. Өзіміз де ынтымақтасқымыз келеді. Мәселелер Ресей Федерациясының жауап қайтару, қорғану шараларына байланысты емес, біздің әріптестеріміздің басқа сауда-экономикалық ұйымдарға қосылғаннан кейінгі еркін сауда аймағы нормаларының енгізілуінен туындайтын барлық қауіпті дер кезінде, ашық, кең форматты түрде, нақты әрі кәсіби тұрғыдан талқылауды қажет санамайтындығынан пайда болады", - деді Путин, оның бұл пікірі отырыс барысында осы тақырыпты көтерген Молдова басшысына қайтарылған жауап болды.

"Біз Еуропадағы әріптестерімізбен бірге қол қойылған бұл құжаттардың біздің өз нарығымызға қалай әсер ететіні туралы ойлауымыз керек қой? Еуропалық тауарлар біздің нарығымызға қалай енетін болады? Ресей мен ТМД еркін сауда аймағының басқа да нарықтарына жергілікті өнім деген желеумен келетін тауарлардың көлемі қандай болады?" - деді Владимир Путин.

Айта кетейік, ТМД басшылары кеңесінің отырысы барысында Молдова президенті ТМД серіктестерімен арадағы қарым-қатынастардың дамуы мен сақталуына мүдделі екені туралы айтқан болатын. Сонымен бірге, Николае Тимофти Еуроодақпен ынтымақтасуға ниетті екенін мәлімдеді. 

Молдова басшысының "Молдова мен Еуропалық одақ арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісім біздің ТМД елдерімен арадағы байланыстарымызға кері әсер етпейді деп есептейміз. Керісінше, біз осы екі экономикалық кеңістік бір-бірін толықтырып тұрады деп ойлаймыз", - деген сөзі Ресей президентіне бағытталғандай көрінді.

Мұның алдында Қазақстанның 2015 жылы ТМД мемлекет басшылары кеңесіне төрағалық ететіні тағы бір хабарланған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өзінің ТМД-ға төрағалығы барысында көлік-транзит, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік қауіпсіздігі, гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне көңіл бөлетінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети