24 тамыз 2014 14:55

Саргсян: Арменияның Кеден одағына қосылуын ұйым мүшелері тегіс қолдамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения президенті Серж Саргсян. ©РИА Новости Армения президенті Серж Саргсян. ©РИА Новости

Армения президенті Серж Саргсян Кеден одағы мүшелерінің бәрі бірдей бұл елдің ұйымға қосылуын қолдамайды деп есептейді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды. 


Армения президенті Серж Саргсян Кеден одағы мүшелерінің бәрі бірдей бұл елдің ұйымға қосылуын қолдамайды деп есептейді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды. 

"Кеден одағы бір ел емес, сол себепті мен Арменияның оған қосылуына ұйым мүшелерінің бәрі бірдей қуанышты емес деген пікірмен келісемін. Біз - проблемасы көп кішкентай елміз, әрине, кез келген одаққа қосылу одақ мүшелерінде белгілі бір мәселелерді туғызады", - деді Саргсян "Базе-2014" жастар слетіне қатысушылармен кездесуінде. 

"Бірақ, екінші жағынан, Кеден одағы елдері одаққа біздің мүше болуымызға қарсы емес, себебі мұндай жағдайда олар вето қояр еді. Жағдайдың дұрыс бағасы мынадай: бізді Кеден одағына жылдам мүше болуға мәжбүрлеп жатыр деген пайымдаулар шындыққа жанаспайды. Процесті жеделдетіп отырған - біз, ол біреудің ниеті не қысымы емес. Бұл - қалыпты процесс", - деп мәлімдеді Армения президенті. 

Саргсянның айтуынша, Кеден одағына қосылу Арменияның дамуындағы маңызды кезең болады. "Біздің елде көп нәрсенің өзгеретіні анық", - деді Саргсян.

Еске сала кетейік, осы жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысында Армения президенті Серж Саргсян өз елінің Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы келісімшартқа маусымға қол қойғысы келетінін мәлімдеген еді. Кейін Арменияның үкімет басшысы Овик Абраамян 2015 жылдың 1 қаңтарда елдің ЕАЭО-ның толық құқылы мүшесі болатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети