17 мамыр 2014 19:38

Тимошенконың Одессадағы штабына белгісіз біреулер өрт қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлия Тимошенко. Сурет НикВести ақпарат құралынан алынған Юлия Тимошенко. Сурет НикВести ақпарат құралынан алынған

"Тимошенконың Одессадағы штабына белгісіз біреулер өрт қойып жіберген" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Тимошенконың Одессадағы штабына белгісіз біреулер өрт қойып жіберген" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Батькивщина" партиясы өкілінің мәліметінше, 17 мамыр күні түнде Одесса қаласының Суворовскі ауданында орналасқан Юлия Тимошенконың сайлауалды штабы өртенген. Қаскөйлер терезені сындырып, бөлме ішіне "Молотов коктейльін" лақтырған.

Өрт сөндіріліп, салдары жойылған, тек офистің бір бөлмесін өрт шалған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, зардап шеккендер жоқ. Партия өкілдері бұл шатапқа шабуыл жасаудың екінші оқиғасы екенін айтады. Осыдан үш апта бұрын белгісіз біреулер штабқа өрт қоймақшы болған.

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың 25 мамырында Украинада президент сайлауы өтеді деп жоспарланған. Бұған дейін Петр Порошенко мен Юлия Тимошенконың екінші турға өту мүмкіндігі жоғары екені айтылған болатын. "Батькивщина" партиясының жетекшісі "сайлаудан кейін Украина ЕО-ға өтініш беруі тиіс" деп есептейді. Украинада сайлаудан кейін ЕО-ға кіруге өтініш беруі, Украинаның ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне қатысуы, сондай-ақ НАТО-ға кіру туралы референдум өткізілуі керек.

Партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада Тимошенко "Біз күшпіз, біз халықпыз-еуропалық елміз, бізге кіммен болу керек екенімізді айқындап алу қажет: Демократиялық әлеммен бе әлде поскеңестік империямен бе? Менің ойымша, президент сайлауынан кейін референдум біздің стратегиялық болашағымызды ондаған жылға айқындап береді" деп мәлімдеген.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети