19 наурыз 2014 21:43

Украина әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Гайдук. ©Rian.com.ua Сергей Гайдук. ©Rian.com.ua

Севастопольде прокуратура қызметкерлері Украина әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Сергей Гайдукты ұстады, - деп хабарлайды "Крыминформ". Басылымның мәліметінше, Гайдук украин әскери бөлімдеріне "Киевтен келген бейбіт тұрғындарға қару қолдану туралы бұйрықты" жеткізгені үшін айыпталып отыр. Гайдук ұсталғанға дейін Украина әскери-теңіз күштері штабын бетперде киген адамдар басып алған. Олар өздерін "өзін-өзі қорғау өкілдеріміз" деп таныстырыпты. Шабуылшылар қақпаны сындырып, аумаққа енген, ғимараттың төбесіне Ресейдің туын іліп, штабтағы мүліктерді шығара бастаған. BBC News куәгерлерге сілтеме жасай отырып, контр-адмирал Сергей Гайдуктың Ресейдің Қара теңіз флоты қолбасшысы - вице-адмирал Александр Виткомен келіссөз жүргізгенін, содан кейін белгісіз офицерлердің жетегімен штабтан әкетілгенін хабарлайды. Украина қорғаныс министрлігі Гайдуктың Севастопольдегі әскери-теңіз күштері штабынан әкетілгенін растады. Бұл туралы "Украинская Правда" хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети