08 тамыз 2014 19:09

Украина әуе компаниясы ұшақтары Қазақстанға қарай Ресейді орағытып ұша бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©flyuia.com ©flyuia.com

Украина әуе компаниясы ұшақтары Қазақстанға қарай Ресейді орағытып ұша бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің Әуе навигациясы басқармасының жетекшісі Олег Авдеев мәлім етті.


Украина әуе компаниясы ұшақтары Қазақстанға қарай Ресейді орағытып ұша бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің Әуе навигациясы басқармасының жетекшісі Олег Авдеев мәлім етті.

"Бұл-  әуе компаниясының шешімі. Олар (УХӘ - Украина халықаралық әуе желілері - авт. ескертпесі) балама бағытты таңдап алды. Бүгінгі күннен бастап олар басқа нүктеден  - Ақтау аумағынан қатынауды жөн деп тапты. Бүгінге дейін олар Қазақстан территориясына Ресейдің әуе кеңістігі арқылы ұшып жететін" дейді сұхбат беруші.

Еске сала кетелік, 2014 жылдың 7 тамызында Ресей Украина әуе компанияларына өз территориясы арқылы Грузияға, Әзірбайжанға, Арменияға және Түркияға тасымал жасауға тыйым салған. Бірақ Украина әуе компанияларының Ресей арқылы Қазақстанға тасымал жасауына тыйым салу туралы айтылмаған. Алайда авиация саласы мамандары егер мұндай шектеу қойылса, онда украиндық әуе компаниялар бірқатар мәселелерге тап болады дескен еді.

Мәселен, Қазақстан Әуе тасымалы қауымдастығының президенті Владимир Куропатенко, егер Ресей украиндық әуе компанияларға өз территориясы арқылы Қазақстанға жетуіне тыйым салса, онда олар Қазақстан бағытына қарайғы билет құнын жоғарлатуға мәжбүр болады деп мәлімдеген.

"Егер тыйымға Қазақстан ілінсе, онда "Эйр Астананың"  УХӘ (Украинаның халықаралық әуе желілері) алдында экономикалық жағынан, уақыт бойынша да, отын шығыны бойынша да артықшылығы күрт артар еді. Ең бастысы - билетті қымбаттатудың қажеті болмайды. Ал келесі тараптың билет құны артады. Жалпы, мен Украинаның халықаралық әуе компаниялары Киевтен Алматыға қалай ұшатынын көз алдыма елестете алмаймын. Бұл арада Ресейсіз еш болмайды. Әрине, "орағытып" өтетін жолдар бар, ол үшін Өзбекстан мен Қырғызстан арқылы шамамен мың шақырымды артқа тастау керек" дейді Куропатенко.

Жағдайды жалпылай сарапшы былай сипаттайды: қазір украиндық әуе компаниялар қалай ұшады, қандай балама бағыттар бар, соның барлығын ой елегінен өткізіп, мемлекеттерге тасымал үшін өтініш жолдау керек. "Кейбір мемлекеттер тасымалға 10 күнге, кейбіреуі 15 күнге рұқсат береді. Егер әлдекім билетті екі ай бұрын сатып алып қойған болса, онда олар енді қосымша ақша шығарғысы келмейді, уақытын жоғалтады, ұшудан бас тартулар болады, басқа компания ұшақтарына отырғызу жайты орын алады және т.с.с." дейді сұхбат беруші.

Сондай-ақ ол артық қосылған шақырымдар - қосымша отын шығындары екенін ескертеді. Сондықтан украин әуе кемелеріне жанармай құю орындарын іздеу керек болады, демек қосымша қону мен ұшулар болады, бұл да бірқатар ауыртпалық туғызады. Сарапшы мұның барлығы билеттің қымбаттауына және украин әуе компанияларының шығынға батуына әкеп соғады деп қорытындылайды.

Украинаның ірі әуе компаниясы - Украина халықаралық әуе желілерінің ұшағы Алматы мен Астанаға жиі қатынайды. Осы бағыттар арқылы қазақстандықтар Түркияға және Еуропаға жол тартады.

Еске сала кетелік, 8 тамызда УХӘ-нің екі ұшағы Қазақстаннан Киевке белгіленген уақытында жете алмаған. Алматы әуежайындағы онлайн-тақтайша сайты мәліметіне сәйкес, УХӘ ұшағы Киевке қарай әуежайдан 8 тамыздың 05.40 уақытында көтерілуі керек болатын, алайда ол тек 08.51 уақытында ғана ұшуға мүмкіндік алған. Киевтің "Борисполь" әуежайындағы онлайн-тақташадағы мәліметке сәйкес, Алматыдан келген ұшақ 08.00 уақытында (Астана уақыты - 11.00-де) қонуы тиіс еді. Бірақ келген уақыты - 12.24  (Астана уақыты - 15.24). Астанадан Киевке шығуы тиіс тағы бір ұшақ бір сағатқа кешіккен.

Кейіннен Қазақстандағы УХӘ өкілдігіндегілер бұл кешігудің Ресей территориясы арқылы ұшуға тыйым салынғандықтан орын алғанын мәлімдеген. "Ресейден бұл мәліметті растайтын ресми құжат бізге ұсынылған жоқ, өзіміз де ресми нұсқауды күтіп отырмыз. Кешігу Ресей арқылы тыйым салынғандықтан орын алды. Мұндай ақпарат бізге ауызша жетті. Енді оның құжаттай расталған мәтінін күтіп отырмыз" дейді компанияның Алматыдағы өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети