Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Украина азаматтары президент сайлауында Астана мен Алматыда дауыс бере алады

24 Мамыр 2014, 15:05
0
Фото susanin.udm.ru сайтынан
Фото susanin.udm.ru сайтынан

Қазақстанда тұратын немесе біздің елдің аумағында уақытша жүрген Украина азаматтары жексенбі күнгі президент сайлауында Астанадағы (Украина елшілігіндегі) және Алматыдағы (Украинаның бас консульдығындағы) сайлау учаскелерінде дауыс бере алады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Қазақстандағы Украина елшілігі мәлімдегендей, дауыс беруге тек Украинаның мемлекеттік сайлаушылар тізіліміне енгізілген осы елдің азаматтары ғана құқылы. Осыған байланысты, елшілік Қазақстанда жүрген Украина азаматтарынан өздерінің осы тізілімде бар екендіктерін тексеріп алуға шақырады.

Дауыс беру күні сайлаушыларды бұл тізімге енгізу мүмкін емес. Өйткені бұған заңнамалармен тыйым салынған. Елшіліктегі консульдық есепте тұрған Украина азаматтары Астанадағы сайлау учаскесінде ғана дауыс бере алады (егер ол сайлау учаскесін өзгерту жайлы өз ниетін ертерек білдірмесе). Бұл Украинаның бас консульдығындағы консульдық есепте тұрғандарға да қатысты (дауыс беру тек Алматыда).

Жексенбі күні, 25 мамырда, Украинада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 24 мамыр Украинада – "тыныштық күн", заңға сәйкес қандай да бір насихат түріне тыйым салынған. Мемлекет басшысы лауазымына барлығы 21 үміткер таласады. Егер олардың ешқайсысы да сайлаушылардың 50 пайыз дауысын жинай алмаса, ОСК дауыс берудің екінші турын өткізеді. Онда дауыс беру қағазына бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі адамның ғана аты-жөні енгізіледі.

Украинада сайлау өткізу үшін 213 сайлаушылар окургі құрылған. Бұл елде дауыс берушілер саны 33,7 миллионға жетіп отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай