17 маусым 2014 09:51

Украина билігі жасақшыларға бітімгершілік пен рахымшылық ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виталий Ярема. Сурет  facenews.ua сайтынан алынған Виталий Ярема. Сурет facenews.ua сайтынан алынған

"Украина билігі жасақшылармен бітімгершілікке келіп, оларға еш кедергісіз елден шығып кету үшін "дәліз" береді. Бұл туралы Украинаның бірінші вице-премьері Виталий Ярема ICTV телеарнасының эфирінде мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Украина билігі жасақшылармен бітімгершілікке келіп, оларға еш кедергісіз елден шығып кету үшін "дәліз" береді. Бұл туралы Украинаның бірінші вице-премьері Виталий Ярема ICTV телеарнасының эфирінде мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Президенттің жоспары-уақытша қысқаша бітімгершілік. Сондай-ақ жасақшыларға кедергісіз елден шығып кетуге "дәліз" беріледі. Олардың аса ауыр қылмыс жасағандарынан өзгелеріне рахымшылық жасалады" деп мәлімдеді бірінші вице-премьер.

Сондай-ақ, Ярема мұндай "дәліз" ұсыну арқылы Украина билігі базбір тәуекелдерге бас тігіп отырғанын айтты. "Қан төгуді тоқтату үшін келіссөздер жасалады" деп мәлімдеді Ярема. Оның сөзіне қарағанда, егер жасақшылар бұл ұсынысты қабыл алмаса, онда әскери іс-қимылдар одан әрі жалғасатын болады, бірақ енді ол басқаша қарқын алады.

Бұған дейін ҰҚҚК-нің отырысында президент Петра Порошенконың дағдарыстан бейбіт жолмен шығу жоспары талқыланған еді. Бейбіт жоспарды жүзеге асыру үшін Порошенко қарулы қақтығысты тоқтату туралы шешім қабылдауды ұсынған болатын. Кейінірек Украина ҰҚҚК хатшысы Андрей Парубий қарулы қақтығысты тоқтатып, жасақшылардың қаруын тапсыруына 5-7 күн уақыт берілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Украина билігі жасақшыларға қаруларын тастап, ел аумағына шығып кетуге мүмкіндік беретінін де мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети