28 ақпан 2014 20:08

Украина Ресейден Януковичті беруін сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Янукович. ©РИА Новости Виктор Янукович. ©РИА Новости

Украинаның бас прокуратурасы Ресейден экс-президент Виктор Януковичті экстрадициялауды сұрап, өтініш білдірді, деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Украинаның бас прокуратурасы халықаралық іздеу жарияланған Украина азаматы Виктор Янукович Ресей Федерациясы аумағында жүргені ресми түрде расталған жағдайда, оны елге экстрадициялау мәселесін көтеруге мәжбүр болады", - делінген ресми ақпаратта. Ол мәліметте сондай-ақ, Киев соты Украинаның экс-президентін ұстауға рұқсат бергені туралы да айтылған. Еске саламыз, ақпанның 22-і күні Жоғарғы Рада Украина президентін қызметтен аластатып, президент сайлауы ағымдағы жылы мамырдың 25-іне белгіленгенін жариялаған. Жаңа президент сайланғанға дейін Мемлекет Басшысы қызметін Жоғарғы Рада спикері Александр Турчинов атқаратын болады. Ал Янукович болса, өзін әлі де болса Украинаның заңды президенті санайтынын айтуда. Бұған дейін Янукович Дондағы Ростовта арнайы баспасөз мәслихатын өткізетіні туралы ақпарат тараған. Оның айналасындағылардың сөзіне қарағанда, баспасөз мәслихаты ақпанның 28-і күні Астана уақытымен кешкі 19.00-де өтетін болып шешілген. Бірақ та, баспасөз мәслихатының өтетін жері кейін хабарланады делінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети