28 наурыз 2014 12:06

Украина СІМ Назарбаев мәлімдесіне қатысты Қазақстанға нота тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Украина Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Гаагада Украинаға қатысты жасаған мәлімдемесінің мазмұнына алаңдаушылық білдірген нота жолдады деп хабарлайды УНИАН Украина сыртқы саясат ведомствосының Ақпараттық саясат департаменті директоры Евгений Перебийниске сілтеме жасап. 

Перебийнистің айтуынша, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Арғын Оспанов 26 наурыз күні Украина Сыртқы істер министрлігіне шақыртылған. Назарбаев мәлімдемесінің халықаралық құқықтың жалпы қалыптасқан нормалары мен көп елдің позициясына қайшы келетіні, оның екі ел арасындағы серіктестік қатынастарға кереғар және украин тарапы үшін қабылданбайтын жайт екені айтылды.

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні Гаагада брифингте Назарбаев Украинадағы ахуалға қатысты пікірін білдірген болатын. Оның айтуынша, Украина үшін сайлау өткізу керек, ол жағдайды құқықтық алаңға қайта әкелуге септігін тигізеді. "Заңды президентті, парламент пен легитимді үкіметті сайлау керек. Содан кейін осы негізде бейбіт келіссөздер жүргізіп, қалыптасқан ахуалдан бірлесіп шығу қажет", - деген еді Қазақстан Президенті.

Подробнее:https://tengrinews.kz/sng/mid-ukrainyi-vruchilo-notu-kazahstanu-v-svyazi-s-zayavleniem-nazarbaeva-252607/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети