13 наурыз 2014 21:00

Украинада НАТО-ның ақпараттық шабуыл жасайтын мамандары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Украинадан НАТО-ның ақпараттық шабуыл жасайтын мамандарын тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжаның айтуынша, НАТО ҰҚШҰ-ға мүше өзге елдерге ақпараттық шабуыл жасау үшін Украина кеңістігін пайдаланып отыр екен. Сонымен қатар ол НАТО-ның Беларусь мемлекеті шекарасы маңындағы барлау қызметін іске қосқандығын айтты. Ертеректе Беларусь президенті Александр Лукашенко егер, НАТО-ның әскери авиациялық күштерінің саны көбейетін болса, Беларусь кеңістігін күзету үшін 15 ұшақ сұрап Ресейге ұсыныс айтамын деген болатын. Ал қолдағы бар мәліметке сүйенсек, НАТО бүгінде Польша мен Румыния кеңістігінде екі барлау ұшағын іске қосыпты. Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда Украинада билік ауысты. Ол кезде жоғарғы Рада депутаттары Виктор Януковичті президенттік қызметінен алып тастап, ол міндетті Александр Турчинға жүктеген болатын. Украинадағы жаңа президенттік сайлау 25 мамырда өтеді. Бірақ, билік басына келген жаңа басшыларды Украинаның барлық аймағы бірдей қолдап жатқан жоқ. Сондықтан да 16 наурыз күні Қырым референдум жариялауға дайындалып жатыр. НАТО-ның бұл іс-әрекетін Украина жеріне әскер кіргіземін деген Ресейге қарсы шыққан батыс мемлекеттерінің сындарымен байланыстыруға болады. Еуропа мемлекеттері Ресей халықаралық құқықтарды бұзып жатыр деп санайды. Ал, ГФР канцлері Ангела Меркель мұндай әрекеті үшін Ресейдің барлық есеп-шоттарын жауып тастайындығы жөнінде ескертті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети