22 сәуір 2014 10:49

Украиналық олигарх диверсанттарды ұстағандарға сыйақы төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет tsn.ua сайтынан алынған Сурет tsn.ua сайтынан алынған

"Уәде еткеніндей, украиналық миллиардер Игорь Коломойский Украина аумағында халықты проресейлік көзқарасқа үгіттеген диверсанттарды ұстағандарға сыйақы төледі" деп хабарлайды Tengrinews.kz TCH ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Уәде еткеніндей, украиналық миллиардер Игорь Коломойский Украина аумағында халықты проресейлік көзқарасқа үгіттеген диверсанттарды ұстағандарға сыйақы төледі" деп хабарлайды Tengrinews.kz TCH ақпарат құралына сілтеме жасап.

Бұған дейін олигарх "әрбір "жасыл адамға" 10 мың доллар көлемінде сыйақы беремін" деп уәде еткен болатын. Сондай-ақ, әрбір дұшпан автоматы үшін мың доллар, пулемет үшін 1,5 мың доллар, гранатомет үшін 2 мың доллар сыйақы тағайындаған еді.

Днепропетровскі облыстық Ұлттық қорғаныс штабы бастығының орынбасары Михаил Лысенконың сөзіне қарағанда, өткен демалыс күндері 11 диверсант қолға түскен, олардың алтауы Донецкі облысында, төртеуі Луганскіде, біреуі Харьковте. Олардың арасында Мәскеу және Мәскеу облысы тұрғындары да бар деседі.

Лысенко, ұсталған диверсанттардың ешбіріне дене жарақаты жеткізілмегенін, тек қолдары кісендеулі не байлаулы болғанын айтады. Олар милицияға тапсырылған. Сегізінің айыбы дәлелденіп, олар үшін 80 мың доллар ақы төленген. "Жасыл адамдарды" ұстап келгендер тиесілі сыйақысын алған. Алайда диверсанттарды ұстаушылардың кім екендері, уәде еткендей, құпия сақталуда.

Естеріңізге сала кетсек, проресейлік ұстанымдағы белсенділермен мұндай күрес түрін, осыдан бірнеше күн бұрын Игорь Коломойскийдің орынбасары Борис Филатов жариялаған еді. Филатовтың сөзіне қарағанда, әкімшілік ғимараттарды шерушілерден босатқандарға да сыйақы тағайындалған. Ол үшін сыйақы мөлшері 200 мың доллар.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети