04 тамыз 2014 17:22

Украиналықтар азаматтығымызға шын мәнінде құмартып отыр ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Соңғы 2-3 күн бедерінде бірқатар шетелдік ақпарат құралдары «Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонка Қазақстанның азаматтығын алыпты-мыс» деп шулап жатыр. Тіпті, сенбі күні Украинаның қазіргі бас прокуроры Виталий Ярема арнайы брифинг өткізіп: «Біз әлі дәлелденбеген бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Виктор Пшонка Қазақстан азаматтығын алған, алмағанын бірер күнде анықтайтын боламыз» деп мәлімдеді. Бейресми ақпарат көздері мұнымен қоймай, бас прокурордың ұлы Артем мен басқа да бірқатар экс-шенеуніктердің Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін жарыса жазуда. Бұл ненің белгісі? «Алаш айнасы» басылымы мәселенің саяси астарына үңіліп көрген еді.

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов «Украинаның бұрынғы Бас прокуроры Виктор Пшонка Қазақстанның азаматтығын алған жоқ», – деп мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ол Қазақстан құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, 1954 жылы туған Пшонка Виктор Павлович Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтушілер мен уақытша тіркелгендер қатарында жоқ екенін, Пшонка В.П. Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүруге рұқсат алу және азаматтықты қабылдау туралы өтінішпен көші-қон полициясы бөлімшелеріне белгіленген тәртіппен хабарласпағанын тілге тиек етті.

Біздің министрлік осылай ресми мәлімдеме жасағанымен, аталмыш ақпарат бүкіл елге тарап кетті. Мұның астарында не жатыр? Осындай ақпараттың тарауына не түрткі болуы мүмкін?

Шындығын айту керек, бүгінге дейін бізден ешқандай саяси тұлға азаматтық сұрап келген емес. Бұл мәселеде батыс елдері сияқты саяси ойын ойнап көрген жоқпыз. Бірақ, «жел тұрып, шөптің басы қимылдады». Бұл болашақта біз қаласақ та, қаламасақ та осындай ойындардың бел ортасына түсуіміз мүмкін екенін білдірсе керек. Егер де шын мәнінде шетелдік саяси тұлғалар бізден азаматтық сұрап жатса, не істемек керек?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети