23 ақпан 2014 14:10

Украинаның жаңа ІІМ қамауға алынған 64 адамды босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның ІІМ Арсен Аваков. ©РИА Новости Украинаның ІІМ Арсен Аваков. ©РИА Новости

Украинаның жаңадан тағайындалған Ішкі істер министрі Арсен Аваков өзінің қызметі жайында айта келе, қызметке кіріскен бірінші күні-ақ Киевте орын алған қақтығыстар кезінде қамауға алынған 64 адамды босату туралы шешім қабылдағанын жариялады, Tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап. "Соңғы үш күнде қамауға алынған барлық адамды босату туралы шешім қабылданды", - делінген таратылған мәліметте. Жаңа министр сондай-ақ, ведомствоның бұрынғы қызметкерлерінің орнына жаңадан құрам жасақталғанын, министрлік пен облыстық ішкі істер басқармаларында жұмыс істеген және істеп жатқан кейбір полиция қызметкерлеріне қатысты "соңғы күндерде орын алған оқиғалар негізінде" ішкі тергеу жүргізу жұмыстары басталғанын да жариялады. Еске саламыз, Жоғарғы Рада қабылдаған шешіммен күні кеше ғана Юлия Тимошенко қамаудан босап шыққан болатын. Жоғарғы Раданың ол отырысында оппозиция өкілдері 2004 жылы Конституцияны қолданысқа қайта енгізуді және сол заңда көрсетілген басқарудың парламенттік- президенттік үлгісіне көшуді талап етіп, Виктор Януковичтің қызметінен кеткендігін, мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2014 жылы мамырдың 25-іне белгіленгендігі жариялаған-тұғын. Майданда жиналған халық алдында сөз алған Юлия Тимошенко болса, өткелі отырған президенттік сайлауға қатысатынын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети