Украинаның шығысына милицияның арнайы бөлімі мен жалдамалылар келді

08 Сәуір 2014, 10:08
0
Украинаның шығысына милицияның арнайы бөлімі мен жалдамалылар келді - Донецк облыстық әкімшілігінің ғимараты. ©REUTERS
Донецк облыстық әкімшілігінің ғимараты. ©REUTERS

"Украина ІІМ басшысы Арсен Аваков елдің шығысына өзге аймақтардан милицияның арнай бөлімшелері мен жалдамалы жасақтардың келгенін растады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. 

Бұған дейін украиналық құқық қорғау органындағы дерек көзі Донецкі мен Луганскі облыстарындағы халықтық шеруді басуға үш әскери бөлімшенің және Украинаның "Сокол" арнайы бөлімінің киімін киген Blackwater жалдамалыларының жіберілгенін хабарлаған болатын. "Бұл арнайы бөлімшелер сол жердегі жағдайды ескере отырып, бас-көзге қарамастан, берілген тапсырманы орындайды"- дейді Аваков.

Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға байланысты алаңдаушылығын білдірді. Министрлік дерегіне қарағанда, ол әскер құрамында "Сокол" арнай жасағының киімін киген "Правый сектор" радикал ұйымының жауынгерлері мен Greystone американдық жеке әскери ұйымның мамандары да бар. "Азамат соғысы отын тұтандырмау үшін қандай да бір әскери дайындықтар жасамауға шақырамыз», - делінген Ресей СІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Донецкіден соң Харьковте де Халықтық республика жарияланды. Шерушілер "Халықтық республика халықаралық құқық негізінде өзге мемлекеттермен қатынас орнатады" деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбіде Донецк, Харьков және Луганскіде шеру болып өткен еді. Шерушілер аймақтардың мәртебесін айқындайтын референдум өткізуді талап етті. Мұндай шерулер Украинаның шығысында әр жексенбіде өтеді. Олар жаңа губернаторды легитимді деп санамайды және елді федерализациялауды талап етіп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай