28 ақпан 2014 21:51

Янукович: Мен полицияға ату туралы бұйрық берген жоқпын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Янукович. Фото ©РИА Новости Виктор Янукович. Фото ©РИА Новости

Дондағы Ростовта өткен баспасөз мәслихатында Виктор Янукович дүрбелеңге қатысушыларға қарсы күш қолданған полиция қызметкерлеріне бұйрық бермегенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. "Мен ешқашан да полицейлерге ату туралы бұйрық берген жоқпын. Сіздер білесіздер, біздің полиция соңғы кезеңге дейін қарусыз болды. Өмірлеріне қауіп төндіріп, атқылай бастағаннан кейін ғана полицейлер қарулануды бастады", - деді Янукович. Янукович Украинадағы оқиғаларға қатысты Ресей президенті Владимир Путиннің ұстамдылық танытып отырғанына таңғалды. Ол өз сөзінде Ресейдің "стратегиялық әріптес екенін һәм солай бола беретінін, алда ол әріптестік жалғасатынын, экономикалық және тарихи міндеттемелер әлі күшінде екенін тілге тиек етті. "Украина мен Ресей арасында келісімдер бар. Сол келісімдер шеңберінде Ресей бұл мәселемен айналыса алады", - деп мәлімдеді Янукович. "Бұл мәселені шешуге Ресей араласуы керек және бұл оның міндеті деп ойлаймын. Мен Владимир Владимирұлы Путиннің осыған дейін үндемей, ұстамды болып отырғанына таңғаламын, - деді Виктор Янукович.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети