03 наурыз 2014 09:05

Януковичке қарсы екінші қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Украина Бас прокуратурасы Виктор Януковичке қарсы "елдегі конституциялық құрылымды құлатпақ болды" деген айып тағып, екінші қылмыстық іс қозғады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. "Януковичке қарсы Дондағы-Ростовта сөйлеген сөзінен кейін "Украинадағы конституциялық құрылымды құлатпақ болды" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданды" деп мәлімдеді Бас прокурордың міндетін атқарушы Олег Махницкий. Бұған дейін Янукович Киевтегі тәртіпсіздік салдарынан адамдардың қайтыс болуына қатысты айыпталған 70 күдіктінің қатарында болған. Естеріңізге салсақ, 22 ақпанда Жоғарғы Рада Януковичті Украина президенті қызметінен кетіріп, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді 25 мамырға белгілеген болатын. Ол уақытқа дейін мемлекет басшысы міндетін Жоғары Рада спикері Александр Турчинов атқарады. Ал, Янукович Дондағы-Ростовта пресс-конференция барысында сөйлеген сөзінде әлі де Украина президенті екенін, елде мемлекеттік төңкеріс белгілері бар екенін жеткізді. Сондай-ақ ол өзін ешкім тақтан тайғызбағанын, өз өміріне қауіп төнген соң Украинадан уақытша кетуге мәжбүр болғанын айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети