Ұшақ қонғаннан кейін жолаушылар бір қатені жиі қайталайды: стюардесса бұл неге қауіпті екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Ұшақ жерге қонғанымен, бұл қауіп артта қалды дегенді білдірмейді. Jeenie Weenie есімді бортсерік ұшақ қонған бойда орындықтан атып тұрып, қауіпсіздік белдігін шешу әдеті неге жарақатқа әкелуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Daily Express мәліметінше, стюардесса TikTok парақшасында жолаушыларға ұшақ гейтке тоқтағанша және командир "Қауіпсіздік белдігін тағыңыз" таблосын өшіргенше орында қауіпсіздік белдігін шешпей отыру керектігін ескертті.

Оның айтуынша, көпшілік ұшақ жерге тиген соң қауіп сейілді деп қателеседі. Шын мәнінде, ұшақ әуежайдың жүру жолағымен қозғалысын жалғастырады және кез келген сәтте кілт тоқтауы, жылдамдықты арттыруы немесе бағытын өзгертуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Аз жылдамдықтың өзі дәлізде тұрған адам тепе-теңдігін жоғалтып, жарақат алуына жеткілікті.

@jeenie.weenie LEARNING TO PLANE ✈️ ep.4 Landing doesn’t mean standing 🪂 #planelanguage #firstflight #education #learningtoplane #plane ♬ original sound - JEENIE

Бұрынғы стюардесса нені көрсетті?

Өз ойын көрнекі түрде жеткізу үшін Jeenie Weenie ұшақ қонғаннан кейінгі үйреншікті жағдайға негізделген әзіл ролик түсірді.

Видеода бортсерік жолаушыдан ұшақ толық тоқтағанша отырып, белдікті тағуын сұрайды. Бұған жолаушы: "Неге? Біз қондық қой", - деп таңғалады.

Стюардесса ұшақ әлі де қозғалыста, сондықтан орнынан тұру қауіпті екенін түсіндіреді.

Жолаушы келесі рейсіне асығып жатқанын және бірінші болып шыққысы келетінін айтып, қарсылық білдіреді.

"Қазір орныңыздан тұрғаныңыз ұшақтан бірінші болып шығуға көмектеспейді", - деді бортсерік.

Сол сәтте ұшақ кенет қозғалып, жолаушы тепе-теңдігін жоғалтып, дәліз бойымен ұшып кетеді. Осыдан кейін стюардесса әзілдеп: "Қателескен сияқтымын. Сіз шынымен де бірінші болып шығатын болдыңыз", - дейді.

Стюардесса ұшақ толық тоқтап, арнайы табло өшкенше қауіпсіздік белдігі тағылған күйде қалуы тиіс екенін баса айтты.

Сарапшылар не дейді?

Lapland Famille компаниясының мамандары бұл әдет зиянсыз болып көрінгенімен, іс жүзінде нақты қауіп-қатерге толы екенін атап өтті.

"Ұшақ қонғаннан кейін бірден тоқтамайды, тіпті баяу жүріп бара жатқандағы кенет қозғалыс адамның қатты құлауына әкеп соғуы мүмкін. "Қауіпсіздік белдігін тағыңыз" таблосы тегіннен-тегін тұрған жоқ, ал оның өшуін күту жолаушыға ешқандай қиындық тудырмайды", - деп түсіндірді компания өкілі.

Сарапшылар рейстер арасындағы қысқа үзіліске алаңдайтындарға дәлізде алдын ала тұрып уақыт ұтуға тырыспауға кеңес береді. Оның орнына, ұшақ төмендей бастағанға дейін өз жағдайыңыз туралы экипажға ескерткен дұрыс.

"Келесі рейсіне асыққандар үшін бірінші болып шығудан дәмеленіп дәлізде тұрғаннан көрі, қонуға дейін бортсеріктермен сөйлесіп алған әлдеқайда тиімді", - деп түйіндеді компания мамандары.

Неге бұл балалы отбасыларға маңызды?

Мамандардың айтуынша, ұшақ қонғаннан кейін көптеген жолаушы асыға бастайды: қол жүгін алады, заттарын жинайды және ұшақтан тезірек шығуға тырысады.

“Балалармен ұшамыз“: ата-аналар ескеруі тиіс 5 маңызды ереже

Бұл кеңеске әсіресе балалы отбасылардың мұқият болғаны жөн. Белдік белгісі өшкенше тағы бірнеше минут күту маңызды емес көрінуі мүмкін, бірақ дәл осы әрекет ұшудың соңғы кезеңінде құлау мен жарақат алудың алдын алады.

Тағы оқыңыз: Ұшақта турбуленттілік аса сезілмейтін қатар аталды


Жарнама
Жарнама