Үйге қандала әкелу қаупін арттыратын туристердің әдеті аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Гигиена және тұрмыстық қауіп-қатерлер жөніндегі сарапшылар саяхатшыларды қонақүй бөлмесіндегі кереуеттің үстіне чемодан ашып, заттарды жаю әдетінен бас тартуға шақырды. Бұған төсек қандаласының киімге жабысып, демалыстан соң үйге байқатпай ену қаупі себеп болып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Daily Express-ке сідтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гигиена және тұрмыстық қауіп-қатерлер жөніндегі сарапшылар саяхатшыларды қонақүй бөлмесіндегі кереуеттің үстіне чемодан ашып, заттарды жаю әдетінен бас тартуға шақырды. Бұған төсек қандаласының киімге жабысып, демалыстан соң үйге байқатпай ену қаупі себеп болып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Daily Express-ке сідтеме жасап.

Неге бұл қауіпті?

Демалыс маусымының басталуымен қандаладан қорғану мәселесі қайта өзекті болды. Мамандардың айтуынша, бұл жәндіктер ең көп таралған әрі өсімтал түрлердің қатарына жатады. Мәселен, Ұлыбританияда дезинфекция мамандарына жүгінетіндердің басым бөлігі дәл осы мәселемен келеді. Күн жылынғалы бері онда мұндай өтінімдер саны 67 пайыз артқан.

Жарнама
Жарнама

Саяхатшылар арасында да алаңдаушылық күшейіп келеді. Демалыс маусымы қарсаңында бұл тақырыпқа қызығушылық күрт өсті: желідегі "қандала барын қалай білуге болады?" және "матрасты қалай тексеру керек?" деген сияқты іздеу сұраныстары бір айдың ішінде 4 750 пайыздан аса артты.

Mattress Online сарапшысы Шэрон Робсон өзіңізді және жүгіңізді қалай қорғауға болатыны туралы кеңестерімен бөлісті. Оның айтуынша, туристер көбіне бөлмені тексерместен, чемодандарын бірден кереуетке қойып, заттарын шығара бастайды.

"Демалыс орнына келген бойда жүгіңізді кілем деңгейінен биікке көтеріп, қабырғалардан алшақ ұстаңыз. Кереуетте қандала белгілерінің бар-жоғын мұқият тексермейінше, оның үстінде чемоданды ашпаңыз. Жүкке арналған металл тіреуіштерді пайдаланыңыз немесе сөмкені үстел не тумба сияқты қатты беткейге қойыңыз", - деп кеңес берді ол.

Қандаланы қалай тануға болады?

Қонақүйде, жалдамалы пәтерде (немесе өз үйіңізде) жәндіктердің пайда болғанын білдіретін бірнеше айқын белгі бар:

  • иіс: алғашқы дабыл белгісі - тәттілеу, борсыған иіс. Бұл бөлменің әбден ластанғанын білдіреді;
  • матадағы іздер: сарапшы төсек-орын мен матраста қара немесе тот түсті дақтардың бар-жоғын мұқият тексеруді ұсынады;
  • қабық пен жәндіктер: тасталған қоңыр түсті қабықтарды немесе жалпақ сопақша келген қоңыр жәндіктерді іздеңіз, бұл қандаланың өзі болуы мүмкін.

Бөлмені тексеру үшін қарапайым пластик карта мен телефон шамын пайдалануға болады.

Қандалалар матрас тігісіне, мата бүрмесіне және тар саңылауға тығылғанды ұнатады. Карта мұндай жерлерді "сүзіп шығуға" көмектеседі: онымен тігістерді бойлай жүргізіп, бетін жарықпен тексеру жеткілікті.

Үйге оралғанда не істеу керек?

Егер жүгіңізге қандала түсті деген күдік болса, үйге келген бойда дереу әрекет ету қажет.

"Жүкті ванна бөлмесі немесе кір жуатын орынның едені сияқты қатты беткейге қалдырып, чемоданды бірден кір жуғыш машинаға босатыңыз. Киімдерді ыстық суда жуып, кептіргіш машинада жоғары температурада 30–60 минут бойы кептіріңіз. Бұл тірі жәндіктер мен олардың жұмыртқаларын жояды", - дейді Шэрон.

Жүкке қатысты бөлек кеңес: мүмкіндігінше қатты корпусты чемодандарды пайдаланған жөн.

Жұмсақ сөмкелерде жәндіктер үшін "жасырын орындар" көп, ал қатты чемоданның тегіс беті қандаланың ішке не сыртқа жабысып қалу қаупін азайтады.

Сарапшы қандалалар адам көп жүретін, сондай-ақ жылу мен ылғал бар жерде белсенді көбейетінін атап өтті, сондықтан жаз маусымы ең қауіпті кезең болып саналады. Матрасты тексеру және жүкке мұқият болу сияқты қарапайым әдеттер туристерге демалыстан кейін келеңсіз жағдайларға тап болмауға көмектеседі.

Тағы оқыңыз: "Мінсіз аппақ төсек". Неліктен қонақүйлер ешқашан түрлі-түсті төсек-орын таңдамайды

TengriTravel

Жарнама
Жарнама