21 қазан 2014 21:42

Әлемнің таңғаларлық мейрамханалары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Bigpicture.ru ©Bigpicture.ru

Саяхатшылардың көбі өзге елдің мәдениетін зерттеудің ең ұнамды әдісі деп жергілікті асүймен танысуды айтады. Жаңа дәмді татып көру, кейбір жағдайларда ұқсас, ал кейде таңғалдыратын ұлттық тағамдарды жеу әрқашан қызық. Аспаздық экзотиканы аздық ететін адамдарға Bigpicture.ru тамақты талғап ішетіндердің өзін таңғалдыра алатын ерекше мейрамханалармен танысып шығуды ұсынады.


Саяхатшылардың көбі өзге елдің мәдениетін зерттеудің ең ұнамды әдісі деп жергілікті асүймен танысуды айтады. Жаңа дәмді татып көру, кейбір жағдайларда ұқсас, ал кейде таңғалдыратын ұлттық тағамдарды жеу әрқашан қызық. Аспаздық экзотиканы аздық ететін адамдарға Bigpicture.ru тамақты талғап ішетіндердің өзін таңғалдыра алатын ерекше мейрамханалармен танысып шығуды ұсынады.

1. Тыныш мейрамхана, АҚШ.

Нью-Йорк штатының Гринпойнт қаласында Eat (Же) деп аталатын мейрамхана бар. Онда ерекше ештеңе жоқ сияқты болып көрінеді, бірақ онда сөйлеуге тыйым салынған. Азиядағы будда монастыріне саяхат жасағанда әсерлерген Николас Нойман адамдар тыныштықтан ләззат ала алатын жер жасағысы келіпті. Тыныш түскі астың танымал болғаны соншалықты, адамдар ондағы орындарды тіпті алдын ала брондап қоятын болған.

 2. Микроскоп астындағы кешкі ас.

Бірнеше жыл бұрын әзіл ретінде басталған іс шеф-аспаз Хиронори Икеноны бүкіл Жапонияға, тіпті бүкіл әлемге атақты қылған шығар. Бір уақытта ол шағын табаққа кішкентай ас салып берсе қызық болатын шығар деп ойлайды, оған бұл ойдың қаншалықты жемісті болатыны қызық көрінеді. Сөйтсе, бір күріш дәнінен суши жасауға болады екен. Бүгінде әлем туристері Икено мырзаның аспаздық шедеврінің дәмін тату үшін токиолық мейрамханаға ағылып жатыр.

3. Жалғыздықтағы түскі ас, Нидерланды.

Амстердамдағы At Eenmaal мейрамханасы өзінің жалғыздық концептімен атақты. Бұл жерде тек бір ғана адамға арналған үстел бар. Мейрамхананың негізін қалаушы әрі дизайнер Марина ван Гоор осы дәстүрлі емес амалдың мақсаты мұның адамдарға мейрамханада жалғыз тамақтанудың қандай екенін көруге ммүкіндік беру болғанын айтады.

 

4. Ұядағы түскі ас, Тайланд.

Тайландтағы Soneva Kiri Eco Resort шипажайының аумағында "Құс ұясы" деп аталатын мейрамхана бар, онда сіз керемет көріністерді көруге мүмкіндік аласыз, себебі мейрамхана ағаш басында тұр. Ол 4,8 метр биіктікте ілінген, даяшылар келушілердің дастарханына тамақ пен сусынды арқанмен асылып апарады. Мұнда әдеттегі түскі ас құны - 450 доллар, бірақ бұл рақат өзін-өзі ақтайтын болар.

5. Зілзала кезіндегі түскі ас, Испания.

Көбіміз үшін жер сілкінісі кезінде ас ішу - жақсы ой емес. Бірақ Disaster Cafe кафесінде адамдар деңгейі 7,8 балл болатын жер сілкінісі жағдайында ас ішу үшін ақша төлейді. Мұндағы орындарды тіпті бірнеше апта бұрын брондап қояды екен. Әзірше кафеге келушілер жарақат алудан аман - төгілген заттардан су мен тамақ қана, ал бұл жерде кішігірім оқиғалар қалыпты жағдайға айналып кеткен.

6. Жартастағы түскі ас, Қытай.

Қытайдың Хубэй провинциясы Бақытты алқабындағы Синин шатқалы бойында ілініп тұрған Fangweng мейрамханасы тамақтан басқа, өзі орналасқан шатқалдың керемет көріністерін де ұсынады. Орналасқан жеріне байланысты мекеме жүйкесі нашарларға арналмаған. 

7. Ниндзямен кешкі ас, АҚШ.

Нью-Йорктың Трайбека ауданындағы ниндзясы бар жапон мейрамханасы - жүйкесі нашарларға арналамаған тағы бір мекеме. Дәмді аспен бірге мейрамхана сізге отпен жасалатын трюктер мен кунгфу, оған қоса пышақ ұстаған даяшылар мен жарылғыш тамақ ұсынады. Егер сізге дастарханыңыздың үстінде асылып тұрған қарулы ниндзясы бар жер ұнайтын болса бұл жер көңіліңізден шығады. 

8. Роботтары бар мейрамхана, Тайланд.

Бангкоктағы Hajime мейрамханасы әр дастарханында мини-барбекю орнатылғандығымен танымал, бірақ бұл мекеменің басты "мақтанышы" - даяшылары болып отыр. Себебі мұнда сізге самурай киімін киген даяшы-роботтар қызмет көрсетеді. Ал қызметтен бос уақытында олар тіпті билейді екен. 

9. Мұз үстіндегі түскі ас, Финляндия.

Сізге мұз үстінде тамақтану қызық болса мұндай жердің бар екенін біліп жүріңіз. Ол солтүстік полюсте және тек мұздан жасалған. Белгілі себептермен мейрамханада суық тамақтар ғана беріледі, мәселен картофель сорпасын арқан балықтың етімен, бұғының жұмсақ еті және жабайы құстың бұршағы етін арақ сілікпесімен береді.

10. Маймыл-даяшылар, Жапония.

Егер сіз Уцуномия қаласындағы Kayabukiya Tavern мекемесінде болып қалсаңыз сакені сізге даяшы киімін киген маймыл әкеледі. Мейрамхана иесі Оцука маймылдарды бұл кәсіпке арнайы үйретпегенін, оған қарап тұрып өздері үйренгенін айтады. Бүгінде жергілікті билік бұл мекемеде маймылдарға жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат берді, ал риза болған келушілер маймылдарға соя бұршағы түрінде шайлық тастап кетеді.

11. Ауруханадағы түскі ас, Тайван.

D.S. Music мейрамханасы Тайбэйде орналасқан, бірақ атына бола мұнда ән бар деп ойлап қалмаңыз. Негізінде бұл аурухана тақырыбындағы мейрамхана, онда даяшылар медбике киімінде жүреді, ал дастархандар аурухана төсегінен жасалған, сусын болса шприцпен беріледі. Оны аз десеңіз қабырғаларға рентгенге түсірілген сурет ілінген.

12. Дөрекі түскі ас, АҚШ. 

Бастапқыда таңдаулы мейрамхана жасау жоспары болған, бірақ кейін өте дөрекі даяшыларымен аты шыққан мекемеге айналады. Алғашқы кезде ойлағаны жүзеге аспаған соң, иесі оған мүлдем қарсы дүние жасағысы келеді. Уақыт өте келе Dick´s Last деген мейрамхананың аты шығады. Даяшының тіл тигізіп, қағаздан жасалған қалпағын кигізіп кемсітетін қызметі үшін мұнда жұрт ағылатын көрінеді.    

13. Ғажайыптар еліндегі түскі ас, Жапония.

 "Алиса ғажайыптар елінде" ертегісінің Жапонияда танымалдығы соншалық, бұл елде бұл тақырыпқа арналған кафе мен мейрамханалар желісі ашылған. Fantastic Design Works студиясы жасаған мейрамханалардың ертегі оқиғалары желісінде жасалған - "Алиса ескі қорғанда", "Алиса лабиринтте", "Алиса би елінде". Даяшылар Алисаның әдемі ақ-көк түсті көйлегін киген. 

14. Нудистерше түскі ас, АҚШ.

Нью-Йорктағы Манхэттенде орналасқан Clothing Optional Dinners клубы айына бір рет "жалаңаш" кеш өткізеді. Оның негізін нудист Джон Дж. Ордовер салған. Шараның бірнеше ережесі бар, оның ішінде: өзіңізбен бірге дастарханға жаятын зат әкелуіңіз керек (мысалы, орамал), ал қызмет көрсетуші персонал киіммен жүреді.   

15. Қараңғыдағы түскі ас, Англия.

Қаңғыда тамақ ішу біртүрлі идеясы әлемнің көптеген мейрамхасына дем берді, бірақ соның ішінде ең танымалы Лондодағы - Dans Le Noir. Көруден бас тартқанда-ақ нағыз аромат пен иістің әлеміне кіресіз.

16. Өте зиян мейрамхана, АҚШ.

Мейрамхана иелері өз мекемесін барынша денсаулыққа пайдалы әрі дәмді етіп жарнамалағысы келіп жатқан уақытта Лас-Вегастағы Heart attack Grill иесі былай дейді: "Менің мейрамханама келмеңдер, ол сіздер үшін зиян және өлтіруі мүмкін". Кафе тек қана колориясы көп зиян тамақтарға маманданған және онда көкөніс мүлдем жоқ. "Өлтіретін фри", "Қайтыс болған бурген" және "инфарктті хот-дог" сияқты атауларынан-ақ мұнда фитнеспен айналысатын адамдарға келуге болмайтыны білуге болады. 

17. Өлілермен түскі ас, Үндістан.

Ескі мола орнында мейрамхана салған Кришан Кути мүрделерді қалдыруды шешеді. Күмәнді шешімі кейін ұтымды әдіске айналды. Мейрамханаға күн сайын адам лықа толып отыратын болған, келушілер өлілермен бірге тамақтану әсерін сезініп көргісі келеді екен.

18. Сарқырама астындағы түскі ас, Филиппиндер.

Тамақтанып жатқаныңызда сізге ауа үріп тұратын желдеткіштерді ұмытыңыз. Жақында ағып жатқан сарқыраманың тап-таза суымен бусаныңыз. Мұндай керемет безендіруден ләззат алу үшін Филиппиндердегі Сан-Паулу-Ситиге баруыңыз керек. Мұнда бамбук ағашынан жасалған дастархандар бар. Дәмді тамақ қойылатын дастархандар сарқырама етегі маңындағы еденге жабыстырылған.

19. Су астындағы түскі ас, Мальдивтер.

Төрт метр тереңдікте әлемдегі тұңғыш мейрамхана ашылды. Мұнда сізге керемет тамақ қана емес, мұхит түбіндегі әдемі көріністерді де ұсынады. Десе де бұл мейрамханаға тек 14 адам сияды.

20. Аспандағы кешкі ас, әлем бойынша.

Dinner in the Sky - бұл бельгиялық жоба. Аспандағы мейрамхана адамдарға қаланың үстінде отырып түскі ас немесе кешкі ас ішуге мүмкіндік береді. Кран 22 адамға арналған дастарханды жоғары көтереді, ал дастарханға орындықтар байланған. Нәтижесінде дәмді тамақ жеп, қаланың керемет көрінісін көре аласыз. Қазіргі уақытта бұл шара 40 елде өтеді.   

21. Каннибалша суши, Жапония.

Өлілермен тамақтандыратын үнді мейрамханасы мұның жанында дым да емес. Жапониядағы каннибалша суши мейрамханасына барсаңыз бұл сөзге нанасыз. Мұнда сізге арбамен жеуге болатын "дене" әкеледі. Сіз оған қолыңызды сұғып, адамның ішкі мүшелерінің дәмін татуыңыз керек. Әрине, бұл шын адам емес, күріш пен жапон асүйінің басқа да ингредиенттерінен жасалған көшірмесі. Адам сушиден жасалған, қан - соус, ал жыныс мүшелері жеуге болмайтын қолдан жасалған заттармен безендірілген.

22. Әнші мейрамхана, Франция.

Парижде 1999 жылы ашылған Bel Canto мейрамханасы даяшының орнына опера әншілерін жалдап, таңдаулы түскі ас пен театр қойылымының ерекше үйлесімін жасайды. Әдетте әншілер топпен төрт-төрттен жүріп түрлі партиядан 15 минуттай ән айтады. Мейрамхана қызыл және алтын түсті барқытпен безендірілген, қабырғалардың сәнін музыкалық аспаптар мен опера костюмдері келтіреді.  

23. Ортағасырлық таверна, Чехия.

Егер ХV ғасырда адамдар қалай тамақтанғанын білгіңіз келсе, Прагада ортағасырлық керемет мейрамхана бар. Мекеме ағаш дастархан, орындық, қыш ыдыстарымен XV ғасырды еске салады. Таверна бірегей асүй тәжірибесін береді. Егер қандай тамақ ішетініңізді білмесеңіз ескі костюмдегі даяшылар көмекке келмек.

24. Дәретханалық мейрамхана, Қытай.

Шаньси қытайлық провинциясындағы Тайюань қаласында 2013 жылы дәретханалық мейрамхана ашылды да тез арада қаланың ең танымал мекемелерінің бірі болды. Мұнда асты кішкентай унитазға салып береді, ал интерьері дәретхана мен жуынатын бөлмені еске салады - қабырғаларда су шашатын құбыр, үстіне нәжіске ұқсайтын көрпеше қойылған унитаз формасындағы орындықтар.

 25. Еркек жыныс мүшесі буфеті, Қытай.

Guo Li Zhuang - бұл түрлі жануарлардың жыныс мүшесінен дайындалатын мейрамхана. Таңдауға түрлі жануардың жыныс мүшесінен дайындалған тамақ ұсынылған: ат, бұқа, есек, ит, бұғы, теке, қой және тіпті жылан. Егер ерекше гурман болсаңыз шошқа жұмыртқасын теке мүшесімен, тауық жұмыртқасын ат мүшесімен және басқа да қоспа тамаққа тапсырыс бере аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети